28.07.2016, 20:53 4113

Проблемалық ипотекалық қарыз алушылардыӊ өз міндеттемелерін орындауына байланысты меморандумға қол қойылды

Меморандумда оған жергілікті атқарушы органдардыӊ, банктердіӊ және мүдделі тұлғалардыӊ қосылу мүмкіндігі көзделеді.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ Икімдігі, елдіӊ бірқатар екінші деӊгейдегі банктері және қоғамдық бірлестіктері проблемалық ипотекалық қарыз алушылардыӊ өз міндеттемелерін орындауына байланысты мәселелерді шешу шеӊберінде Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоя бастады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкі.
Меморандумда оған жергілікті атқарушы органдардыӊ, банктердіӊ және мүдделі тұлғалардыӊ қосылу мүмкіндігі көзделеді.
«Тараптар сындарлы диалог жүргізуге, қарыз алушылардыӊ міндеттемелерін орындауыныӊ оӊтайлы жолдарын іздестірудіӊ барлық қажетті және ықтимал шараларын қабылдауға тырысуы тиіс», - деп санайды Қаржылық қызметтерді тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасыныӊ бастығы Александр Терентьев. Оныӊ айтуынша Меморандум проблемалық қарыз алушылар Банк алдындағы міндеттемелерін орындау кезінде олардыӊ мәселелерін тиімді түрде шешу арналған күш-жігерді шоғырландыруға бағытталған.
Атап айтқанда, қарыз алушылардыӊ банктер алдындағы міндеттемелерін орындауыныӊ өзара тиімді талаптарын айқындау, проблемалық қарыз алушыларды қарыз алушы/кепіл беруші үшін жалғыз баспана болып табылатын кепілге салынған баспанадан шығаруды тоқтата тұру Меморандумныӊ мақсаты болып табылады.
Мысалы, борышкерлердіӊ міндеттемелерін орындауыныӊ өзара тиімді нұсқаларын әзірлеу үшін сындарлы диалог жүргізу үшін қарыз алушылар мен қоғамдық бірлестіктердіӊ ЕДБ, ҚР ҰБ және жергілікті атқарушы органдардыӊ өкілдерімен тұрақты негізде кездесу өткізу тәжірибесі жалғасатын болады. Сонымен қатар қарыз алушыларға Ұлттық Банктіӊ қоғамдық қабылдауыныӊ жұмысы шеӊберінде консультациялар берілетін болады, ал олардыӊ келісімімен жергілікті атқарушы органдар мен банктер қарыз алушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуі мүмкін.
Ынтымақтастықтыӊ басқа да шарттары бар, оныӊ біреуі - меморандум жарияланған күннен бастап үш ай ішінде қарыз алушы осы Меморандум шеӊберіндегі іс-шараларды іске асыру және банкпен сындарлы диалог жүргізу үшін банкке хабарлауы және баруы тиіс.
Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қол қойылған күннен бастап 12 ай бойы республиканыӊ барлық аумағында қолданылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны