16.09.2025, 14:30 138951

ҚР өңірлеріндегі азық-түлік, көрсетілетін қызмет, тауарлар: тамызда баға қалай өзгерді

ҚР өңірлеріндегі азық-түлік, көрсетілетін қызмет, тауарлар: тамызда баға қалай өзгерді
Сурет: Depositphotos
Тамызда елде жылдық инфляция 12,2% болды (шілдеде - 11,8%). Жылдық инфляция 17 өңірде жеделдеп, 3 өңірде баяулады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.

Тамызда азық-түлік тауарларының бағасы жылдың мәнде 11,7% (шілдеде - 11,2%) болды. Осы топ тауарларының бағасы Ұлытау облысында (14,8%) ең жоғары, ал Алматы қаласында (8,7%) ең төмен өсті.

Тамыздың қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдың мәнде 9,7%-ға (шілдеде - 9,5%) өсті. Ең жоғары мән Абай облысында (12,6%), ең төменгі мән Алматы қаласында (7,5%) тіркелді.

Тамызда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы жылдың мәнде 15,3%-ға дейін жеделдеді (шілдеде - 14,9%). Сонымен қатар Маңғыстау облысында (9,8%) жалпы республикалық деңгейден баға біршама төмен өсті.

Тамызда айлық инфляция ел бойынша 1,0%-ға өсті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны