05.04.2010, 18:21 3474

Ресей мен Қазақстан Кедендік одақ елдерінің автонарығын дамыту іс-шараларын үйлестіретін жұмыс тобын құрады

Ресей мен Қазақстан Кедендік одақ елдерінің автонарығын дамыту іс-шараларын үйлестіретін жұмыс тобын құрады

Алматы. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі мен Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Кедендік одақ елдерінің автонарығын дамыту іс-шараларын үйлестіретін және Қазақстанда өндіріс орындарын құру келешегін дәйектейтін жұмыс тобын құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Тараптар Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Виктор Христенконың Астанаға жұмыс сапары барысында осындай шешімге келді.

Кездесу аясында тараптар бұған қоса екі елдің авиаөндіріс және автокөлік жасау саласындағы даму келешегі, сондай-ақ, Кедендік одақтың құрылуына қатысты мәселелерді талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны