17.04.2014, 19:50 3595

Ресей мен Қытай ШҚО-мен ауыл шаруашылығы саласында 18 меморандум орнатты - Б. Сапарбаев

"Бүгінгі таңда біздің көрші елдермен 18 меморандум түзілді, басым бөлігі мал және егін шаруашылығы бойынша", - деді Б. Сапарбаев.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan today. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы Ресей және Қытай елдерімен 18 меморандум орнатты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

"Бүгінгі таңда біздің көрші елдермен 18 меморандум түзілді, басым бөлігі мал және егін шаруашылығы бойынша", - деді Б. Сапарбаев.

Оның айтуынша, мал шаруашылығы саласында өткен жылы ШҚО Ресей Федерациясынан 1150 ақбас мал тұқымын алған болатын.

"Оған қоса, біз егін себу саласында да қызмет етудеміз, оның ішінде картоп пен бидай өнімдері басымдылыққа еніп отыр. Ғалымдар бал алу сынды жұмыстарымен айналысып жатыр", - деді аймақ басшысы.

"Бізде үш мемлекеттік университет бар,олар Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір, Томск, Омбы ғалымдарымен тығыз қарым -қатынаста", - деді Б. Сапарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны