13.09.2010, 14:08 4219

Ресейге шығарылатын көмір экспорты кесте бойынша 600 мың тонна қалып келеді

Ресейге шығарылатын көмір экспорты кесте бойынша 600 мың тонна қалып келеді. Бұл туралы бүгін селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 13 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Ресейге шығарылатын көмір экспорты кесте бойынша 600 мың тонна қалып келеді. Бұл туралы бүгін селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстанның көмірін экспорттық бағыттарға тасымалдауда проблемалар бар. Бүгінгі күнде көмірді экспорттық бағытқа жөнелту кестесінің арта қалушылығы 620 мың тоннаны құрап отыр. Күн сайын 2-2,5 мың жартылай вагондар жетіспейді. Соның кесірінен қазақстандық көмір қабаттамаларының Ресей электр сансаларының алдындағы келісім шарттық міндеттемелері орындалмай отыр",- деп хабарлады Д. Тұрғанов.

Ол сондай-ақ "мұның салдары Қазақстан мен Ресейдің энерго жүйелерінің параллельді тұрақтылығына әсер етуі мүмкіндігін" атап өтті.

Өз кезегінде "Қазақстан темір жолы" компаниясының президенті Асқар Мамин "бүгінде қазақстандық көмірді экспорттық бағытқа тасымалдауды вагондармен қамтамасыз етуде шынында да қиыншылықтар бар екендігін" хабарлады. "Бұл біз негізгі екпінді еліміздегі электр стансаларын көмірмен қамтамасыз етуге салғандығымызбен байланысты. Менің ойымша, біз бір аптаның, әрі кеткенде 10 күннің ішінде бұл мәселені шешетін боламыз",- деді А. Мамин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны