20.09.2012, 11:38 3171

Ресейлік компаниялар Қазақстандағы индустриялдық жобаларға 5,5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуда

"Соңғы уақытта инновация мен жоғары технологияны дамыту саласында көп іс атқарылғанына тоқталды. Мысалы, тек өткен жылдар ішінде Қазақстанда сомасы 12 миллиард долларлық 440-тан астам жаңа өндіріс орны іске қосылды. Жалпы, құны 77 миллиард доллар болатын 700-ден аса индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Павлолар. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - Ресейлік компаниялар Қазақстандағы индустриялдық жобаларға 5,5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Соңғы уақытта инновация мен жоғары технологияны дамыту саласында көп іс атқарылғанына тоқталды. Мысалы, тек өткен жылдар ішінде Қазақстанда сомасы 12 миллиард долларлық 440-тан астам жаңа өндіріс орны іске қосылды. Жалпы, құны 77 миллиард доллар болатын 700-ден аса индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Биылғы форумның қорытындысы бойынша бірлескен жобалардың портфелі сомасы 2 миллиард долларды құрайтын тағы 27 келісіммен толыға түспек", деп атап өтті ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы IX форумының пленарлық сессиясы барасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны