14.03.2007, 18:11 3081

Республикада жалғасып жатқан заңдастыру шарасы аясында 12-наурыздағы жағдаймен 30,5 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылған

АСТАНА. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Республикада 12-наурыздағы жағдаймен салық органдары арқылы мүлікті заңдастыруға жалпы көлемі 30,9 млрд теңгені құрайтын 314 257 өтініш келіп түскен; нақты 314 661 өтініш бойынша жалпы құны 30,5 млрд теңгені құрайтын мүлік заңдастырылған. Бұл туралы брифингте Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Мәдина Қойшыманова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Салық органдарына берілген өтініштердің негізгі бөлігі ауылшаруашылық техникаларын заңдастыруға қатысты. Заңдастырылған ауылшаруашылық техникаларының жалпы құны 7,3 млрд теңгені құрап отыр. Заңдастырылған ақшаның жалпы көлемі 2007 жылдың 6-наурызындағы жағдаймен 58,7 млрд теңгені, немесе 470 млн АҚШ долларын құраған. Заңдастырылған соманың басым бөлігі - 57 млрд теңге - жеке тұлғалардың үлесінде",- деп хабардар етті М. Қойшыманова.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, аймақтарға шаққанда ақшаның заңдастырылуы Алматы қаласы бойынша (45,6 млрд теңге), Астана (5,1 млрд теңге) және Алматы облысы (2,6 млрд теңге), ал шетелдерде 1,5 млрд теңге заңдастырылған. Жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссия арқылы заңдастырылған жылжымайтын мүліктен түскен түсімді қосқанда, республикалық бюджетке мүлікті заңдастырудан түскен түсім 8,1 млрд теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны