08.01.2016, 13:47 4736

Республикалық меншіктегі нысандарды сатудан түскен табыс 5,5 млрд теӊгеден асты - ҚР Қаржы министрлігі

2016 жылдыӊ 5 қаӊтарына ҚР мемлекеттік бюджетіне республикалық меншіктегі нысандарды сатудан 5,5 млрд теӊгеден астам қаражат түсті, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 5 қаӊтарына ҚР мемлекеттік бюджетіне республикалық меншіктегі нысандарды сатудан 5,5 млрд теӊгеден астам қаражат түсті, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осылайша, ведомствоныӊ мәліметінше, 2014 жылдыӊ маусымынан бастап 2016 жылдыӊ қаӊтарына дейін 491 нысан жекешелендірілуге жатады, олардыӊ 239 нысан сатылды, оныӊ ішінде республикалық меншік бойынша - 15, коммуналдық меншік бойынша - 114, ИКК бойынша - 60 және холдингтер бойынша - 50 нысан, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

"Сатудан түскен қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 5 509 млн теӊге, облыстық бюджеттерге 2 937 млн теӊгеден астам, холдингтер - 67 261 млн теӊге, ИКК - 2 956 млн теӊге", - делінген хабарламада.

Барлығы, ҚМ мәліметінше, 2014-2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес 833 нысанды сауда-саттыққа шығару жоспарланған.

Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2016 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 41 нысан жекешелендіруге жатады. Ағымдағы жылғы 5 қаӊтардағы жағдай бойынша сауда-саттыққа 28 нысан шығарылды, оныӊ ішінде 15 нысан сатылды.

2016 жылдыӊ соӊына дейін коммуналдық меншік бойынша 491 нысан сауда-саттыққа белгіленді, олардыӊ 243 нысаны ағымдағы жылдыӊ қаӊтарыныӊ соӊына дейін жекешелендіруге жатады. 221 нысан саудаға шығарылды, соныӊ ішінде 114 нысан сатылды.

Бұдан өзге, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша сауда-саттыққа 170 нысан белгіленді, оныӊ ішінде 2016 қаӊтарына 109 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 86 нысан сатуға қойылды, 60 нысан сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014-2016 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 131 нысан жекешелендіруге жатады, 5 қаӊтардағы жағдай бойынша жоспарланған 111 нысанныӊ 93-і саудаға шығарылды, оныӊ ішінде 50 нысан сатылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны