14.06.2012, 11:51 2905

С.Ахметовтің Маңғыстау облысына жұмыс сапары

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің тапсырмасымен Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен жүр.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - С.Ахметовтің Маңғыстау облысына жұмыс сапары, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің тапсырмасымен Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен жүр.

Бүгін С.Ахметов Жаңаөзен қаласына барады. Онда бірінші вице-премьер қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009-2012 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексереді, сондай-ақ "Моноқалаларды дамыту" бағдарламасының аясындағы "Самал" ықшамауданын абаттандыру жобасымен танысады.

Ол сондай-ақ "КазГПЗ" ЖШС-інде болып, зауыттың технологиялық үрдісін қалпына келтіру жұмыстарымен танысады.

Оған қоса, бүгін С.Ахметовтің төрағалығымен Жаңаөзен қаласының мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтеді. Онда қаланың ағымдағы жағдайы, Жаңаөзенді әлеуметтік-экономикалық дамыту кешенді жоспарының іске асырылу барысы қаралады.

Түстен кейін С.Ахметов "Daewoo Shipbuilding&Marine Engineering Co., LTD" компаниясының бұрғылау баржасын суға түсіру рәсіміне қатысады. Бұл баржа қазақстандық теңіз қайраңының перспективалық учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге арналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны