06.10.2016, 12:11 6049

Сайын көшесін Ақын Сара көшесіне дейін ұзарту жұмыстары келесі жылы басталады

"Бас жоспарға сәйкес, биыл Рысқұлов даӊғылы мен Сайын көшелерініӊ қиылысындағы көлік жолайрығы пайдалануға берілді. Сайын көшесін солтүстікке қарай Ақын Сара көшесіне дейін тағы да 3,5 шақырымға ұзарту жоспарланып отыр. Бұл бюджетте қарастырылған",- деді Б.Мәнзоров.

Алматы. 6 қазан. Kazakhstan Today - Сайын көшесін Ақын Сара көшесіне дейін ұзарту жұмыстары келесі жылы басталады. Бұл туралы Алатау ауданыныӊ әкімі Бағдат Мәнзоров Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай журналистерге арналған пресс-тур барысында хабарлады.

"Бас жоспарға сәйкес, биыл Рысқұлов даӊғылы мен Сайын көшелерініӊ қиылысындағы көлік жолайрығы пайдалануға берілді. Сайын көшесін солтүстікке қарай Ақын Сара көшесіне дейін тағы да 3,5 шақырымға ұзарту жоспарланып отыр. Бұл бюджетте қарастырылған, келесі жылы шешімін табады деп ойлаймын. Соныӊ арқасында қалаға кіріп-шығу жеӊілдейді. Сонымен бірге Боралдайға дейінгі бағыт ашылады және Сайын көшесініӊ аяғына дейін жетеді", - деді Бағдат Мәнзоров.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, тамызда Алматыда Рысқұлов даӊғылы мен Сайын көшелерініӊ қиылысындағы көлік жолайрығы пайдалануға берілді. Нысан мерзімінен бұрын іске қосылды. Жолайрығы ұзындығы 434 метрлік монолит эстакададан және Рысқұлов даӊғылыныӊ астындағы ұзындығы 36 метрлік өткізгіш жолдан тұрады. Нысан сейсмологиялық тұрғыда күшейтіле отырып, заманауи технологияларды пайдалану арқылы салынған. Сайын көшесі арқылы үш жолақта, ал эстакада арқылы төрт жолақта қозғалыс ашылды. Сайын көшесін солтүстікке қарай Ақын Сара көшесіне дейін ұзарта отырып, келешегі зор көлік торабыныӊ құрылысын толығымен аяқтау жолдыӊ өткізгіштік қабілетін екі бағытта да тәулігіне 125 мыӊ автокөлікке дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні қалада тағы да 4 жолайрығы салынуда, олар 2018 жылы пайдалануға беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны