07.02.2008, 18:25 2676

Салық тексеру қорытындылары бойынша екі жылдың ішінде жер қойнауын пайдаланушылардан 8 млрд теңге өндірілді

Салық тексеру қорытындылары бойынша екі жылдың ішінде жер қойнауын пайдаланушылардан 8 млрд теңге өндірілді

Астана. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Салық органдарының 2005-2007 жылдарына жүргізген тексеру қорытындылары бойынша ірі жер қойнауын пайдаланушылардан 8 млрд теңге өндірілді. Бұл туралы бүгін ҚР қаржы министрлігінің коллегиясында ведомство басшысы Болат Жәмішев мәлімдеді.

"2005-2007 жылдарына жүргізілген салық тексеру қорытындылары бойынша ірі жер қойнауын пайдаланушыларға қосымша салынған айып пұлдар, төлемдер мен салық мөлшері 564 млрд теңгеден асты", -деді Б. Жәмішев.

"Назар аударар болсақ, бұл мөлшер саны 2005 жылы 12 млрд теңгені, ал 2006 жылы- 25,3 млрд теңгені құрады. Онда бұл жерде қосымша қанша салық салынғанын байқауға болады ", - деп атап өтті ол.

Министр атап өткеніндей, ал бүгінгі күні тек 8 млрд теңге өндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны