21.02.2007, 17:40 2759

Салық және кеден заңнамасына енгізілетін түзетулер қызметкерлердің заңсыз әрекеттерін азайтуға мүмкіндік береді - қаржы министрі

АСТАНА. 21-ақпан. Kazakhstan Today. Үкімет таяу уақыттарда парламентке енгізуге ниеттеніп отырған салық және кеден заңнамасына енгізілетін түзетулер қызметкерлердің заңсыз әрекеттерін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін президенттің басқаруымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейінгі брифингте Қазақстан Республикасының қаржы министрі Наталья Коржова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі күнге дейін Салық және Кеден комитеттері Кедендік бақылау агенттігі және Мемлекеттік кіріс министрлігі сияқты жұмыс істеп келді. Осы қайшылықты біз парламенттте түзеткеннен кейін бұлар қаржы министрлігінің орталық уәкілетті органының құрамына енетін комитеттерге айналады. Демек, олар үшін мамандар іріктеу, нормативтік актілер шығару, атқарушылық тәртібіне қатысты және басқа да мәселелерді біртұтас экономикалық орган белгілейтін болады",- деді Н.Коржова.

Осыған байланысты, оның айтуынша, бүгін Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ол басқаратын мекеменің атына "айтыла-айтыла жауыр болған сындар, атап айтсақ спиртті өнімдерге байланысты акциздер бойынша және мұнай өнімдеріне қатысты кедендегі алымдар одан әрі жалғасуда деген сын айтылды". "Спиртті өнім өндірушілер өз шығындарының құрамына акциздік тексерулердің келмеуі үшін парақорларға төлейтін ақшасын қосуды доғармаған жағдайда жемеңқорлық жойылмайды. Бірақ біз таяу уақыттарда парламентке енгізетін кодекстерге енгізілетін түзетулерде осындай әрекеттерді азайтуға мүмкіндік беретін нормалар қамтылады",- деді қаржы министрі.

Н.Коржованың айтуынша, "түзетулердің жобасын ол басқаратын мекеме Қауіпсіздік кеңесінің өткен отырысында министрлікке Салық және Кеден кодекстеріне комитеттердегі жағдайды бақылауға алуға мүмкіндік беретін өзгертулерді дайындау туралы нұсқай берілгеннен кейін жасаған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны