25.07.2012, 12:09 2790

S&P қазақстандық "Химфарм" АҚ-на жағымды болжаммен "В-" рейтингін белгіледі

Мұндай рейтинг 10 миллиард теңге көлеміндегі күтілімде қамтамасыз етілмеген компания облигацияларының шығарылымына да белгіленді. Бұл туралы Kapital.kz хабарлайды.

Франкфург. 25-шілде. Kazakhstan Today - Standard & Poor's халықаралық агенттігі қазақстандық "Химфарм" фармацевтика компаниясына "жағымды" деген болжаммен "В-" ұзақмерзімді несие рейтингін белгіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мұндай рейтинг 10 миллиард теңге көлеміндегі күтілімде қамтамасыз етілмеген компания облигацияларының шығарылымына да белгіленді. Бұл туралы Kapital.kz хабарлайды.

S&P белгілеген "Химфарм" рейтингтері - компанияның шағын көлемі мен саяси қатерлері әсер ететін бизнес-қатердің әлсіздігін көрсетеді. Сондай-ақ "Химфармның" бизнес-қатеріне оның географиялық әртараптандырылуы, мемлекеттік инфестицияға тәуелділігі мен аса дамымаған отандық денсаулық сақтау жүйесі жағдайында шығарылатын компания өнімдерінің шектеулі мүмкіндігі де кіреді.

Компания өндіріс көлемі бойынша жетекші қазақстандық дәрі шығаратын өнеркәсіп ретінде жағымды болжамға ие болды. Өткен жылдың соңындағы көрсеткішіне сәйкес "Химфарм" компаниясының қарыз деңгейі төмен болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны