02.06.2008, 18:59 3166

"Самұрық" активтерді қайта құрылымдау саясатын дәйектеді

"Самұрық" активтерді қайта құрылымдау саясатын дәйектеді

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Самұрық" активтерді қайта құрылымдау саясатын дәйектеді. Бұл туралы бүгін парламент сенатының депутаттарымен кездесуде "Самұрық" холдингі басқармаларының төрағасы Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Активтерді қайта құрылымдау саясаты дәйектелді, ол таяу уақыттарда компаниялардың директорларының кеңесіне олардың өзіндік қайта құрылымдау бағдарламаларын жасауда басшылыққа алу үшін таныстырылады", - деді Қ. Бозымбаев.

Оның айтуынша, "жеті компанияның жиынтық активтері құрылымында 300-ден астам еншілес ұйымдар бар". Бұл ретте, ""ҚазМұнайГаз" ҰК"АҚ мен ""Қазақстан темір жолы" ҰК құрылымында еншілес компаниялардың, соның ішінде салалық емес компаниялардың саны өте көп".

"Алдын-ала талдау көрсеткендей, "ҚазМұнайГаз" ҰК"АҚ құрылымында шамамен 190 компания бар, оның 40% басты бағытына жатпайтын компаниялар санатына жатқызылған", - деді Қ. Бозымбаев.

Оның айтуынша, холдинг "компаниялардың активтерінің құрылымын реттеу процессінде белсенді роль атқаратын болады, өйткені, өз бағытына жатпайтын қызмет түрлері компанияның ресурстарын негізгі операциялық іс-қызметтен басқа бағытқа бұрып жібереді".

Қ. Бозымбаевтың түсіндіруінше, 2008 - 2010 жылдары "басты бағытқа жатпайтын 100 жуық компанияны сату көзделуде".

"Біздің қаржы министрлігімен келісімімізге сай, қаржылық жағынан тұрақты әрі табысты салалық емес компанияларды біз қор нарығында сататын боламыз", - деді "Самұрық" басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны