15.02.2008, 15:05 2759

"Самұрық" холдингі "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-ын қайта құрылымдауды жүзеге асырмақ

"Самұрық" холдингі "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-ын қайта құрылымдауды жүзеге асырмақ

Астана. 15 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Самұрық" холдингі "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-ын қайта құрылымдауды жүзеге асырмақ. Бұл туралы "Самұрық" холдингінің басшысы Қанат Бозымбаев бүгін "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясы жанындағы экономиканы әртараптандыру жөніндегі кеңестің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

""Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ -ның басты іс-қызметі компания құрылған 2003 жылдан бері шығынды", -деп мәлімдеді Қ. Бозымбаев.

"Компанияның қазіргі ахуалын стагнация, даму әлеуеті жоқ деп бағалауға болады. Ірі сериялы жаңа өнім түрлерін игеруге бағытталған ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен оны түбегейлі жаңалайтын түбегейлі шаралар қажет", -деді ол.

"Биыл компанияны дамытудың 5 жылдық стратегиясы мен компания активтерін қайта құрылымдаудың кешенді бағдарламасы жасалады", - деді Қ. Бозымбаев.

Сонымен бірге, "Самұрық" холдингі басымдықтағы келешегі бар бағыттарды анықтау, стратегиялық инвесторларды ізтестіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде".

"Атап айтсақ, вагон жасау, мұнай саласындағы сервистік компания құру, кеме жасау жобалары жасалуда", - деді холдинг басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны