03.04.2013, 14:58 3260

"Самұрық Қазына" "SOS Қазақстанның балалар қалашықтарына" 200 млн теңге демеушілік көрсетті

"Ауыр дағдарыс кезінде біздің балаларымызға тұрақты түрде көрсетілетін қызметтерді жалғастыру үшін бұл жылы біз "Самұрық Қазына" ҰИҚ АҚ-дан 200 млн теңге қаржылай көмек алдық. Бұл соңғы бес жылдағы компания тарапынан көрсетілген ең қомақты демеушілік қаражат", - деді Б.Жанәлиев.

Алматы. 3-сәуір. Kazakhstan Today - "Самұрық Қазына" ҰИҚ АҚ "SOS Қазақстанның балалар қалашықтарына" 200 млн теңге бөлді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде "SOS Қазақстанның балалар қалашықтарының" ұлттық директоры Батырхан Жанәлиев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Ауыр дағдарыс кезінде біздің балаларымызға тұрақты түрде көрсетілетін қызметтерді жалғастыру үшін бұл жылы біз "Самұрық Қазына" ҰИҚ АҚ-дан 200 млн теңге қаржылай көмек алдық. Бұл соңғы бес жылдағы компания тарапынан көрсетілген ең қомақты демеушілік қаражат", - деді Б.Жанәлиев.

Оның айтуынша, қаражат балалардың қажеттілігін қамтамасыз етуге жұмсалады.

"Бұл ақша білім беру, коммуналдық қызмет, балалар мен жастарға барлық әлеуметтік, психологиялық, заңгерлік қолдау көрсетуге жұмсалады. Киім-кешек пен тамақтану шығындары мемлекеттік қаражаттың есебінен жұмсалады", - деп түсіндірді Б.Жанәлиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны