17.05.2007, 15:39 2876

"Самұрық" мемлекеттік холдингі Қырғызстандағы Қамбарата 1- СЭС мен 2-СЭС құрылысына қатысты алдын-ала техника-экономикалық негіздемені дайындауды қаржыландырға кірісіп кетті - KEGOC

АСТАНА. 17 - мамыр. Kazakhstan Today. "Самұрық" мемлекеттік холдингі мен "ҚазҚуат" АҚ Қырғызстанның Нарын өзеніндегі Қамбарата 1- СЭС мен 2-СЭС құрылысына қатысты алдын-ала техника-экономикалық негіздемені дайындауды қаржыландырға кірісіп кетті. Бұл туралы бүгін Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің алқа отырысында "KEGOC" АҚ басқарушы директоры Валерий Ли мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз бұл жобаларға қатысу идеясын қолдаймыз, себебі біздің бағалауымыз бойынша, еліміздің оңтүстігінде электр қуатына деген тапшылық алдағы жылдары өсе түседі, және де ондағы кез-келген қуат өндірісі пайда әкеледі, сондай-ақ Нарындағы су электр станциясы өндіретін қуаттың өзіндік құны жоғары емес. "ҚазҚуат" пен "Самұрық" холдингі Қамбарата су электр станцияларының құрылысына қатысты алдын-ала техника-экономикалық негіздемені дайындау үшін қаржы бөліп жатқандығын айта аламын",- деді В. Ли.

Ол сондай-ақ, "үстіміздегі жылы Қазақстанның оңтүстігіне тасымалданатын қырғыз және тәжік электр қуаттарының бағасының өскендігі байқалып отырғандығын" хабарлады. "Олардың электр қуатына деген бағасы біздің республикамыздың көтерме нарық бағасымен салыстырғанда арзан болған, бірақ осы жылы, мысалы трейдерлердің сатқан қырғыз электр қуатының бір киловатының бағасы 52 центті құраған. Басқа да барлық шығындарды есептей келе ол біздің көтерме нарығымыздағы бір киловаттың басағына жетіп жығылады",- деп нақтылап өтті KEGOC өкілі.

Сонымен қатар, В. Ли Қазақстанға Қырғызстан арқылы тасымалданатын тәжік электр қуатының екі жақ қарыздарының реттелмеуінен шектеулі көлемде өткізілу проблемасы сақталып отырғанын атап өтті.

Бұрын хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылдың 25-сәуірінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов Қазақстанның Қырғызстанда орналасқан Қамбарата су электр станцияларының құрылысына қатысты алдын-ала техника-экономикалық негіздемені дайындау үшін 8 млн АҚШ долларын бөлетіндігін мәлім еткен болатын. Оның айтуынша, Қазақстанның екі су электр станциясының құрылысына бөлетін қаржысы техника-экономикалық негіздеме әзірленгеннен кейін ғана белгілі болады.

Қамбарата су электр станцияларының құрылысына қатысты алдын-ала техника-экономикалық негіздемені дайындауға Қырғызстанның, Қазақстан мен Ресейдің мамандарын тарту жоспарлануда. РАО "ЕЭС Россия" басшылығы осы күнде су электр станцияларының құрылысына қатысты техника-экономикалық негіздемені жасау үшін 6 млн АҚШ долларын бөлген. Ресейлік сарапшылардың алдын ала бағалаулары бойынша Қамбарата су электр станцияларының құрылысын аяқтау үшін 2,5 млрд АҚШ доллары қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны