27.02.2014, 18:53 12700

"Самұрық-Қазына" 2014 жылы 18 инвестициялық жобаны аяқтауды жоспарлап отыр

"Біз жобаларды қаржыландыру құрылымын қарап шықтық, 54% қаржыландыру сомасы мемлекетке, республикалық бюджетке, Ұлттық банк пен біздің кепілдерімізге тиесілі. Сондықтанда қаржыландырудың тиімділігін арттыру мақсатында сырттан қаржы тарту жұмыстарын арттырамыз. Осылайша аталмыш көрсеткішті 70%-ға дейін көтереміз", - деп ол атап өтті.

Алматы. 27 ақпан. Kazakhstan today. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры ағымдағы жылы 18 инвестициялық жобаны аяқтауды жоспарлап отыр, деді кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтың қатысуымен өткен "Самұрық-Қазына" АҚ кеңейтілген отырысында Қордың төрағасы Өмірзақ Шүкеев.

"ҮИИД МБ шеңберінде 2014 - 2016 жылдар аралығында 23,2 млрд . АҚШ долларға 18 жоба іске қосылып, 8 мың жаңа жұмыс орны ашылады. 2014 жылы олардың 6 іске қосылады", - деді Ө.Шүкеев.

Жалпы, оның айтуынша, 2014 жылы Қор 3,3 млрд долларға 18 инвестициялық жобаны аяқтауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" АҚ инвестициялық қызметін өзгертіп, жобаларды қаржыландыру бойынша қарыз беру үлесін 54%-да 70%-ға дейін арттырады.

"Біз жобаларды қаржыландыру құрылымын қарап шықтық, 54% қаржыландыру сомасы мемлекетке, республикалық бюджетке, Ұлттық банк пен біздің кепілдерімізге тиесілі. Сондықтанда қаржыландырудың тиімділігін арттыру мақсатында сырттан қаржы тарту жұмыстарын арттырамыз. Осылайша аталмыш көрсеткішті 70%-ға дейін көтереміз", - деп ол атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны