17.09.2012, 12:33 3140

"Самұрық-Қазына" АҚ "Самұрық-Энерго" АҚ-ның 100 пайыз акционері атанды

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 29 тамызындағы №1103 Қаулысына сәйкес, "ҚазТрансГаз" АҚ-ға тиесілі "Самұрық Энерго" АҚ-ның акциялары "Самұрық-Қазына" ҰИАҚ" АҚ-ға берілді. Енді "Самұрық-Қазына" АҚ "Самұрық-Энерго" АҚ-ның 100% акционері болып табылады.

Астана. 17-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" АҚ "Самұрық-Энерго" АҚ-ның 100 пайыз акционері атанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің "Самұрық-Энерго" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша,

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 29 тамызындағы №1103 Қаулысына сәйкес, "ҚазТрансГаз" АҚ-ға тиесілі "Самұрық Энерго" АҚ-ның акциялары "Самұрық-Қазына" ҰИАҚ" АҚ-ға берілді. Енді "Самұрық-Қазына" АҚ "Самұрық-Энерго" АҚ-ның 100% акционері болып табылады.

"Самұрық-Энерго" АҚ 2007 жылдың мамыр айында құрылған және "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның құрылымына кіреді. Компания электр және жылу энергиясын өндіру, бөлу және сату, сондай-ақ энергетикалық көмір өндіру жұмыстарымен айналысады.

Қоғамның электр станцияларының белгіленген қуаты 7670,9 МВт. құрайды, немесе Қазақстанның БЭЖ-дағы электр станцияларының белгіленген қуатының 40%-ға жуығын құрайды. Илемдегі ең ірі көмір өндіруші "Богатырь" разрезіндегі өндірілетін көмір көлемі Қазақстанда өндірілетін көмір көлемінің 40%-ын құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны