10.05.2012, 11:19 3149

"Самұрық-Қазына" қоры "Халықтық IPO" бағдарламасының ресми сайтын іске қосты

"Халықтық IPO жүйесі арқылы қазақстандықтар еліміздің стратегиялық активтерінің иелері бола алады. Халыққа бұның не екенін түсіндіру керек. әлемдік деңгейде жұмыс істейтін ірі ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алу арқылы біздің азаматтарымыз өз еліміздің байлығына ие болып, табыс таба алады", - деді Елбасы Н.Назарбаев "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының XIV съезінде.

Астана. 10-мамыр. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" қоры "Халықтық IPO" бағдарламасының ресми сайтын іске қосты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның қор нарығында акциялардың ауқымды түрде және сәтті орналастырылуы үшін халық арасында бағдарламаның басымдықтары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Халықтық IPO жүйесі арқылы қазақстандықтар еліміздің стратегиялық активтерінің иелері бола алады. Халыққа бұның не екенін түсіндіру керек. әлемдік деңгейде жұмыс істейтін ірі ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алу арқылы біздің азаматтарымыз өз еліміздің байлығына ие болып, табыс таба алады", - деді Елбасы Н.Назарбаев "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының XIV съезінде.

"Самұрық-Қазына" Қорының ақпаратына сүйенсек, қазір "Халықтық IPO" логотипі және Бағдарламаның "Халық акционері бол" ұраны әзірленді. Бағдарламаның сall-орталығы іске қосылды. Аптаның әр күнінде, демалыссыз тәулік бойы халық үшін "жедел байланыс" (8-800-080-50-70) тегін телефон желісі жұмыс істейді. Кез келген адам бағдарлама бойынша орыс және қазақ тілдерінде өзін қызықтырған ақпарат ала алады.

"Сall-орталығы жұмыс істеген кезеңнен бастап 300-ден астам әртүрлі сұрақтар келіп түсті. Бағдарламаға әзірше Алматы (55%), Астана (10%), Ақтөбе (6%) және Атырау (5%) қалаларының тұрғындары белсенді қатысуда", - деді ол.

Бағдарламаның ресми веб-сайты ашылғанын айта кету керек. Сайттың ғаламтордағы мекен-жайы www.halyk-ipo.kz. Онда Бағдарлама туралы өзекті жаңалықтар, сұхбаттар, отандық және шетелдік сарапшылардың комментарийлері, ІРО-ға арналған талдамалық зерттеулер және қатысушы-компаниялардың қызметтері жарияланған.

Сонымен қатар, 2012 жылғы 15 сәуірден бастап Қордың негізгі еншілес және тәуелді компанияларының, қазақстандық қор биржасының, жергілікті атқарушы органдардың интернет ресурстарында, сондай-ақ республикалық және өңірлік БАҚ-тардың веб-сайттарында Бағдарлама туралы ақпарат жазылған веб-баннерлер орналастырылды.

Осы ақпараттың халық арасында кеңінен тарауы үшін аймақтардағы қоғамдық пікір көшбасшыларынан құралған "спикерлер" уақытша бірлестік құрылған. Барлығы 660 адам даярланбақ. Спикерлер барлық өңірлердің еңбек ұжымдарында, оның ішінде ауылдық жерлерде 311 оқыту лекцияларын және 980 көшпелі таныстырылымдар жүргізеді деп жоспарланған. Акциялар орналастырылған кезде "Қазпошта" АҚ-ның 3 мыңнан астам қызметкері осы жұмысқа тартылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны