09.11.2016, 17:31 3678

"Самұрық-Қазына" қорыныӊ басшысы жапондық компанияларды серіктестік аясын кеӊейтуге үндеді

Жапонияға іссапары барысында "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Өмірзақ Шөкеев Marubeni Corporation компаниясыныӊ басқармасыныӊ төрағасы Фумия Кокубумен кездесті.Сонымен қатар ол жапондық көліктік-логистикалық компаниясы - Nippon Express аға атқарушы директоры Норифуми Идимен кездесті

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" қорыныӊ басшысы жапондық компанияларды серіктестік аясын кеӊейтуге үндеді, деп хабарлайды АҚ баспасөз қызметі.

Жапонияға іссапары барысында "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Өмірзақ Шөкеев Marubeni Corporation компаниясыныӊ басқармасыныӊ төрағасы Фумия Кокубумен кездесті.

Бас қосуда Өмірзақ Шөкеев Marubeni Corporation компаниясыныӊ Қазақстандағы аса белсене қызмет етіп келе жатқан жапондық компаниялардыӊ бірі екенін атап өтті. Токио қаласында өткен Қазақстан-Жапония бизнес-форумы аясында "Самұрық-Қазына" АҚ қоржындық компаниясы - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ және Marubeni Corporation арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Marubeni Corporation өзге жапондық компаниялармен бірге Оӊтүстік Қазақстан облысындағы Хорасан-1 және Хорасан-2 уран шығарушы кен орындарын игеруге қатысу құқығына ие.

Кездесу барысында Өмірзақ Шөкеев екі мемлекет басшысыныӊ сирек жер металдарын өӊдеу мәселелеріне ерекше назар аударатынын еске салып өтті. Бұл ретте ол Қордыӊ қарамағында бірқатар кен орындарыныӊ бар екенін айтып, оларды бірлесіп игеруді ұсынды. Тараптар бұл мәселені әрі қарай шешуге жауапты тұлғаларды анықтады.

"Самұрық-Қазына" жетекшісі мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасы туралы да баяндады. Оныӊ шеӊберінде Қор 200-ден астам активтерін сатуда. Өмірзақ Шөкеев ІРО-ға әзірленіп жатқан ірі қоржындық компаниялар жайлы ақпарат беріп, "Самұрық-Қазына" АҚ тарапынан үрдістіӊ жариялығына және инвесторлардыӊ теӊ құқықтарын қамтамасыз етуге басымдық берілетінін атап өтті.

Сонымен қатар "Самұрық-Қазына" ?орыныӊ басшысы жапондық көліктік-логистикалық компаниясы Nippon Express аға атқарушы директоры Норифуми Идимен кездесті. Тараптар құрлық бағытымен құрамалы жүктерді тасымалдау саласында өзара серіктестік мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, Қордыӊ қоржындық компаниясы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ KTZ Express атынан Ляньюнган (ҚХР) кемежайынан Дуйсбургке (Германия) дейін жапондық құрамалы жүктерді тасымалдауға ниет білдіруде.

Анықтама:

1858 жылы негізі қаланған Marubeni Corporation 450 компанияны қамтиды, 67 мемлекетте 57 бөлімшесі мен 120 кеӊсесі бар. Қызметініӊ басты бағыттары: сауда және инвестиция салу, минералды ресурстарды өндіру және өӊдеу, болаттан өнім шығару, инфрақұрылымды дамыту, көліктік, химиялық өнеркәсіп, ақпараттық технологиялар, көлік және логистика. Корпорация Астана халықаралық әуежайын және Атырау МӨЗ жаӊарту жұмыстарына қатысқан. Қазіргі уақытта Marubeni Corporation Атырау МӨЗ мұнайды тереӊ өӊдеу кешенін сатуға атсалысады.

Nippon Express - жапондық көліктік-логистикалық компания, 1937 жылы құрылған. Қазір оныӊ құрамына 340-тан астам компания, әлемніӊ 42 мемлекетінде орналасқан 1400 кеӊсе енеді. Қызметініӊ бағыттары: экспедиторлық темір жол тасымалы, көлік тасымалы, теӊіз тасымалы, жүк тасымалы, әуе жүк тасымалы, қаптама және қаптауыш материалдар, ауыр жүктерді тасымалдау, салу мен құрастыру және т.б. (27 қызмет түрі).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны