12.05.2009, 13:43 1386

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры компанияларының орталық басқарушы аппараты қызметкерлерінің саны 611 адамға қысқартылды

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры компанияларының орталық басқарушы аппараты қызметкерлерінің саны 611 адамға қысқартылды

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры компанияларының орталық басқарушы аппараты қызметкерлерінің саны инженерлік-техникалық қызметкерлерді қоспағанда, 15%-ға, немесе 611 адамға қысқартылды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен жиында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінгі жағдаймен қор мен компаниялардың орталық басқару аппараттарының ұйымдастырушылық құрылымы оңтайландырылды. Икімшілік басқарушы қызметкерлердің саны қысқартылып, қордың құрамындағы компаниялар тобының басқарушыларына төленетін бонустар, сыйлықтар мен басқа да ынталандырулар алынды", - деді Қ. Келімбетов.

Оның айтуынша, "қордың құрамындағы компаниялар тобының орталық аппараттарындағы еңбекақы қоры жылдың қалған 7 айында 27%-ға, немесе 4,2 млрд теңгеге қысқартылды", - деді қор басшысы.

Бұған қоса, қор басшысының ақпаратына сәйкес, жалпы алғанда қордың құрамындағы компаниялар тобының шығындары 2009 жылға бекітілген бюджетпен салыстырғанда 222,5 млрд теңгеге қысқартылды, соның ішінде ағымдағы шығындар 136,7 млрд теңгеге, күрделі шығындар 85,8 млрд теңгеге азайтылып, әкімшілік шығындар 11 млрд теңгеге қысқартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны