10.08.2015, 16:12 4386

"Самұрық-Қазына" жыл соӊына дейін шамамен 7 млрд долларға 20 инвестициялық жоба енгізеді

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" жылдыӊ соӊына дейін шамамен 7 млрд доллар сомаға 20 инвестициялық жобаны пайдалануға енгізеді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҰИҚ-ныӊ бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Берік Бейсенғалиев

Астана. 10 Тамыз. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" жылдыӊ соӊына дейін шамамен 7 млрд доллар сомаға 20 инвестициялық жобаны пайдалануға енгізеді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҰИҚ-ныӊ бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Берік Бейсенғалиев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылы шамамен 11 мыӊнан астам уақытша және 6 мыӊнан астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 6 млрд 900 млн доллар сомаға 20 жобаны пайдалануға енгізу жоспарлануда", - деді Б.Бейсенғалиев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Директор айтып өткендей, жалпы бүгінгі таӊда "Самұрық-Қазына" қорыныӊ инвестициялық қоржыны жалпы құны 121 млрд доллар сомаға 161 жобадан тұрады.

"Қордыӊ инвестициялық жобаларын қаржыландырудыӊ жалпы құрылымында меншікті қаражат 27%, қарыз қаражаты - 73% құрайды. Сөйтіп, "Самұрық" қоржынына салынған әрбір долларға сыртқы инвестициялардыӊ 3 доллары тартылады", - деп баса айтты ол.

Сондай-ақ, ол қордыӊ пассивті акционер рөлінен белсенді инвестор рөліне өтуді жоспарлап отырғанын айтты. Егер осыған дейін ҰИҚ жобаларды өзініӊ еншілес бөлімшелері арқылы жүзеге асырса, ал енді жеке жобаларын өндіруші емес секторларда басым түрде жеке қоржынын әртараптандыру үшін іске асыруды жоспарлауда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны