18.05.2009, 11:52 1669

Сауд Арабиясы Қазақстанға Ислам даму банкінің араласуымен бірлескен транспорттық компания құруды ұсынады

Сауд Арабиясы Қазақстанға Ислам даму банкінің араласуымен бірлескен транспорттық компания құруды ұсынады

Астана. 18 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сауд Арабиясы Қазақстанға Ислам даму банкінің араласуымен бірлескен транспорттық компания құруды ұсынады. Бұл туралы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан -Сауд Арабиясы іскерлік кеңесінің тең төрағасы Абдурахман аз-Замиль бүгін екі елдің бірлескен бизнес-форумында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен екі елдің үкіметіне бірлескен транспорттық компания құру жөнінде Ислам даму банкіне өтініш жасауды ұсынамын, бұл компанияға тек Қазақстан мен Сауд Арабиясының үкіметтері ғана емес, барлық ислам мемлекеттері мен Парсы шығанағындағы барлық елдер кіретін болады. Сол арқылы банк рентабельділік пен нәтижеге қол жеткізген соң бұл компанияның маркетингін жүзеге асыратын болады", - деді А. аз-Замиль.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны