04.05.2015, 20:32 5000

Сәуір айында Қазақстандағы инфляция 0,1 пайызды құрады

2015 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасында инфляция 0,1 пайызды құрады. Атап айтқанда, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,3 пайыз, азық-түлік емес тауарларына - 0,2 пайызға өсті, ал ақылы қызметтерге - 0,1 пайызға төмендеді.Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініӊ баспасөз қызметінен хабарланды

Астана. 04 Мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасында инфляция 0,1 пайызды құрады. Атап айтқанда, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,3 пайыз, азық-түлік емес тауарларына - 0,2 пайызға өсті, ал ақылы қызметтерге - 0,1 пайызға төмендеді.Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініӊ баспасөз қызметінен хабарланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мәліметтерге қарағанда, өткен айда бағаныӊ жаӊа жиналған көкөністерге 7 пайыз, жүзімге - 5,5 пайыз, зәйтүн майына - 3,6 пайыз, кептірілген жемістер мен жаӊғақтарға - 1,7 пайыз, алкогольді ішімдіктерге - 1,6 пайыз, балалардыӊ тағамдарына - 1,2 пайызға өсуі белгіленді. Бұдан бөлек, жеӊсік емес тағам мен балық консервілеріне баға 0,8 пайызға, кондитер өнімдеріне - 0,6 пайызға, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге, шұжықтарға - 0,5 пайыз, жоғары сортты бидай ұнынан пісірілген нанға, сүзбеге - 0,4 пайыздан қымбаттаған.

Сонымен бір мезгілде, бағаныӊ төмендеуі жұмыртқаға 2,4 пайызды, қантқа - 2 пайыз, құс етіне - 1,6 пайыз, өсімдік-сары майына - 1,3 пайыз, күнбағыс майына - 1,2 пйаыз, күрішке - 1,1 пайыз, жармаларға - 0,9 пайыз, шикі сүтке - 0,7 пайызға тіркелді. Сондай-ақ, баға өсімі газеттер және мерзімдік басылымдарға 1 пайыз, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 0,9 пайызға, киім және аяқкиімге, жуғыш және тазалағыш құралдарға, фармацевтикалық өнімдерге, жеке пайдалануға арналған тауарларға - 0,6 пайызды құраған. Ал бензин бағасы 0,4 пайызға, дизель отыны - 1,2 пайызға, баллондағы сұйытылған газ - 9 пайызға төмендеген.

"Баға деӊгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 1 пайызға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарына, қонақ үйлерге - 0,5 пайыздан, ойын-сауық және мәдениет саласында - 0,4 пайызға өсті. Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардыӊ темір жол көлігіне жол жүру ақысы 0,7 пайыз, ішкі қалалық қатынастардағы автобусқа - 2,2 пайыз, әуе көлігіне - 2,7 пайызға арзандады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері бойынша тасымалданатын газға 1,9 пайызға, электр энергиясына - 0,4 пайызға төмендеп, үйді күтіп ұстауға - 0,3 пайызға жоғарылады", - делінген баспасөз баянында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны