13.11.2006, 18:56 4865

Семей өңірінде мал шаруашылығындағы өсім көрсеткіші сақталып отыр

СЕМЕЙ. 13 қараша. Kazakhstan Today. Семей өңірінде мал шаруашылығы мен оның өнімдерін өндіру көрсеткіштерінің өсу ағымы сақталып отыр. Бұл туралы 2006-2010 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы кешендерін тұрақты дамыту бағдарламасының орындалу нәтижесіне арналған мәжілісте Семей қалалық ауыл шаруашылық бөлім бастығы Амантай Доғалақов мәлімдеді.

Доғалақовтың айтуынша, бүгінгі таңда Семей өңірінің ауылшаруашылық нысандарында 45 мыңнан астам бас ірі қара малы, 181,1 мың қой және ешкі, 6 мыңға жуық шошқа, 11,7 мың жылқы, 760 мың бас үй құстары тіркелген. Жыл басынан бері 5265 мың тонна ет, 16926 тонна сүт, 50,6 млн дана жұмыртқа, 214 тонна жүн өндірілген.

Ендігі кезекте малды қысқа дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 80 % -дан астам мал қоралары әзірліктен өтті. 67 мың тонна пішен , 3475 тонна пішендеме, 4 мың тонна силос дайындалды. Доғалақов "мал азығын дайындау әлі де жүргізіле бармек. Бұл қыстан қиналмай шығуға мүмкіндік бермек",-деді.

Сонымен қатар мәжілісте негізгі азық-түлік тауарлар бағасына жасалған мониторинг нәтижесі қарастырылды. Ауылшаруашылық өнімдері бағасын тұрақтандыруда айтарлықтай орын алған сегіз ауылшаруашылық жәрменкелерінің орны туралы сөз болды. "Жәрменкелердің ұйымдастырылуы жоғары денгейде болды. Оған барлық ауылдық округтер қатысты . Ауылшаруашылық нысандары мен олардың өндірген тауарларына қолдау көрсеткен қала халқы көп болды",-деді Семейдің әкімі Нұрлан Омаров.

Бүгінгі таңда Семей аймағында 500-ден астам шаруашылық қожалықтары, 3 өндірістік кооператив, 5 серіктестік, 2 акционерлік қоғам мен 5 мыңнан астам жеке малы мен үй құстары бар жеке тұлғалар тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны