04.07.2019, 13:33 8908

Шалғайдағы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мобильді жұмыспен қамту орталықтарын құруға 381 млн. теңге бөлінеді

Сонымен қатар, ағымдағы жылы қосымша 28,3 мың адамды тегін гранттармен, 5 мың адамды жеңілдетілген микрокредиттермен қамту жоспарлануда. Осылайша, 57 мыңнан астам қазақстандық өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік алады. Бұл ретте қосымша қаражаттың 70% ауылдық жерлерге жіберіледі.

Нұр-Сұлтан. 4 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында еліміздің шалғай аудандарында тұратын қазақстандықтарды жұмысқа орналастыру шаралары туралы айтып берді.

"Президент Қ. Тоқаевтың халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау жөніндегі тапсырмасы бар. Мәселен, шалғайдағы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мобильді жұмыспен қамту орталықтары құрылатын болады. Бұл мақсатқа 381 млн. теңге бөлу жоспарлануда", - деді министр.

Оның айтуынша, "Еңбек" бағдарламасы аясында жастарды, көп балалы, аз қамтылған отбасыларды, мүгедектігі бар азаматтарды оқытуға, жұмысқа орналастыруға және қолдауға ерекше назар аударылады.

Жастар жылы аясында жастардың жұмыспен қамтылуын қолдауға бағытталған "Жас маман" және "Жас кәсіпкер" жобаларын іске асыру басталды. Үш жыл ішінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша 200 мың жас маман даярлау жоспарлануда.

"Жастар практикасымен қамту жоспары кеңейтілді. 2019 жылы біз қосымша 10 мың адамды жібереміз, бұл 25 мың жас буын өкілдерін жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, оқыту бойынша шаралар күшейтілді. Биыл қысқа мерзімді курстарында 100 мың, "Бастау Бизнес" кәсіпкерлік негіздеріне 75 мың адам оқытылатын болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы қосымша 28,3 мың адамды тегін гранттармен, 5 мың адамды жеңілдетілген микрокредиттермен қамту жоспарлануда. Осылайша, 57 мыңнан астам қазақстандық өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік алады. Бұл ретте қосымша қаражаттың 70% ауылдық жерлерге жіберіледі.

"Тұрақты жұмыс орындарына орналастыру Бағдарламаның басты мақсаты болып табылады. Бұл жұмыс "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп жалғасын табады", - деп қортындылады Сапарбаев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны