14.09.2006, 16:43 3010

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Іскерлік кеңесінің басымдық берілген инвестициялық жобалары 22-23-қыркүйекте Иркутск қаласында анықталады

АЛМАТЫ. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Іскерлік кеңесінің аясында жүзеге асыру жоспарланып отырған басымдық берілген инвестициялық жобалар 22-23-қыркүйекте Иркутск қаласында өтетін ІҮ Байқал экономикалық форумында анықталады. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы іскерлік кеңесінің Қытай және Қазақтан ұлттық бөлімдерінің шағын форумында Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы Райымбек Баталов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Шанхай ынтымақтастығы ұйымының іскерлік кеңесі екі жақты деңгейде де, көп жақты деңгейде де белсенді жұмыс істей бастады",- деді Р.Баталов. Оның айтуынша, қазір Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Іскерлік кеңесінің аясында 180-нен астам жоба қаралуда. "Біз екі күн ішінде Қытай мен Қазақтанға қатысты нақты жобаларды талқылап, 22--қыркүйекте Иркутск қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Іскерлік кеңесінің отырысында ортаға салынатын ұсыныстарды дайындаймыз",- деді Р.Баталов.

"Республика президенті баса назар аударған көп жақты жобалар мұқият қаралады",- деді Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы.

Шағын форум барысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымы іскерлік кеңесінің Қытай ұлттық бөлімінің төрағасы Чжан Юйцзин "Қазақстан мен Қытай экономикасының бірін-бірі толықтыратынын атай отырып", екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанымен, "екі мемлекет арасындағы сауда-саттықтың бірыңғай құрылымды екенін" жеткізді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ертең, 15-қыркүйекте Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің отырысы Душанбеде өтеді. Онда Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Іскерлік кеңесінің бсқарма төрағасы Дмитрий Мезенцев сөз сөйледі. Ол ұйым шеңберінде межеленген жобаларды жүзеге асыруда Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Іскерлік кеңесі мен Банкаралық бірлестігінің ролін арттыру тақырыбында баяндама жасайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны