19.03.2020, 19:02 2771

Шетелдік жұмысшылардың Маңғыстау өңіріне кіруіне рұқсат берілмейді

Маңғыстау облысы аумағында өнеркәсіп саласында 40-тан астам ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Шетелдік жұмысшылардың Маңғыстау өңіріне кіруіне рұқсат берілмейді.

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының инвестиция және туризмді дамыту басқарма басшысының орынбасары Талғат Әбдіқадіров хабарлады.

Маңғыстау облысы аумағында өнеркәсіп саласында 40-тан астам ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді.

Енгізілген төтенше жағдайға байланысты өңірдің ірі кәсіпорындары коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында барлық жиналыстарды телефон және бейнеконференция байланысы арқылы өткізуге көшті.Кәсіпорын қызметкерлері жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы пайдаланылмаған күндерімен еңбек демалысына жіберіліп жатыр. Сондай-ақ, барлық мәдени-бұқаралық іс-шаралар тоқтатылып, кәсіпорындарда жедел штаб отырыстары күн сайын өткізіледі.

Анықтама үшін: ("Маңғыстаумұнайгаз" АҚ, "Қаражанбасмұнай" АҚ, "Өзенмұнайгаз" АҚ, "КазАзот" АҚ, "Бұрғылау" ЖШС, "Oil Services Company" ЖШС және т.б. кәсіпорын басшыларынан алынған ақпарат).

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны