22.01.2014, 19:05 2036

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының тірек ауылдарында 40-тан астам жоба жүзеге асты

Шығыс Қазақстан облысында Көкпекті ауданының Көкжайық, Преображенка мен Самар тірек ауылдарында 130 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген жалпы құны 2 млн теңгенің 42 жобасы іске асырылды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облысында Көкпекті ауданының Көкжайық, Преображенка мен Самар тірек ауылдарында 130 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген жалпы құны 2 млн теңгенің 42 жобасы іске асырылды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

"Аталмыш ауылдар қызметінің негізгі бағыттары - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен оны қайта дайындау. Аудан әкімі Дүйсенғазы Мусиннің айтуынша, бұл өндіріс жыл санап кеңінен етек жаюда. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздықты қысқартуда. Оған нақты дәлел болатыны, аталмыш 3 тірек ауылында қазіргі кезде жұмыссыз жүрген бірде-бір адам жоқ", - делінген хабарламада.

Тірек ауылдарындағы халық саны 9 мыңнан асып жығылады. Алайда жас жағынан келгенде 18-29 жас аралығындағылар небары 17-ақ пайызды құрайды. Сол себепті ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту мен жаңа жұмыс орындарын ашу, аймақты ретке келтіру мен жастарды тартуға көп көңіл бөлінуде.

Ауылдарда бірнеше шағын кәсіпкерліктер ашылған: шағын наубайханалар, магазин, тігін цехтары, ТЖО, маршрутты такси тағы басқалар.

Сонымен қатар, көшенің шұңқырларын тегістеу, аймақты санитарлық тазалау, жарықтандыру, жол төсеу мен ішкі көшелерді төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, ауыл тұрғындарының жағдайын тек жақсартып қана қоймай, қызықты етуге де күш жұмсалуда. Тек мектептер ғана емес, мәдениет үйлерін салу да қарастырылған. Тідерді дамыту орталығы, заманауи балалар алаңы мен спорт модулі салынуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны