27.02.2008, 19:16 3192

Шығыс Қазақстан облысында 2007 жылы кеден төлемдері мен салықтың 31,6 пайызға өсуіне қол жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысында 2007 жылы кеден төлемдері мен салықтың 31,6 пайызға өсуіне қол жеткізілді

Семей. 27-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысында кеден төлемдері мен салықтың 31,6 пайызға өсуіне қол жеткізілді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. "2007 жылы кедендік бақылау департаменті 23,8 млрд теңге көлеміндегі кедендік төлемдер мен салықты мемлекет бюджетіне аударды. 2006 жылмен салыстырғанда 5,7 млрд теңге немесе 31,6 пайызға ұлғайды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Кедендік бақылау департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, есептік кезеңде Шығыс Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымы 38,3 пайызға өсті. Оның ішінде, импорт бойынша доллармен 40 пайызға, теңгемен 36 пайызға ұлғайды. "Кедендік төлемдер мен салық түсімдерінің өсімі импорт көлемінің өсімінен 2,2 пайызға артық. Бұл төлемдерді басқаруды жетілдіру бойынша департамент жұмысының оң нәтижелерінің бірі болып табылады", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Департаментте атап көрсеткендей, мемлекет бюджетіне келіп түсуі тиіс төлемдердің толық деңгейде болуы тауарлардың кедендік құнын дұрыс анықтауға, сондай-ақ, тауарлардың түріне тікелей байланысты.

"Атап айтқанда, сырттан келетін көліктердің кедендік құнының мониторингі аталмыш салада әлі де шешілмеген мәселелердің көп екенін көрсетіп берді. Олар көліктердің қозғалтқышының көлемінің, соғылған көліктерді рәсімдеудің сәйкес келмеуі, сондай-ақ, маркасы және шыққан жылы бірдей болса да, әртүрлі кеден бекеттерінде рәсімделуіне байланысты кедендік құнның 272 доллардан 878 долларға дейін болатын сәйкессіздіктер", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Өтеліп алынған айыппұл, тауарды тәркілеу және шығынның орнын толтыру түріндегі 20 млн 873 мың теңге мемлекет бюджетіне өтелген.

Сонымен бірге, тікелей кеден бекетінде өз күштерімен 18 есірткі тасымалы дерегі анықталып, 32 кг әртүрлі есірткі заттары тәркіленген.

Кедендік бақылау департаменті Шығыс Қазақстан облысының кедендік органдары 2006 жылы 77 қылмыстық іс қозғаса, 2007 жылы 72 іс қозғаған. Олардың қатарында "Экономикалық контрабанда" бабы бойынша 32 іс, "Кедендік төлемдер мен салық төлеуден жалтару" бабы бойынша 10 іс бар.

Сонымен бірге, 1135 әкімшілік іс қозғалған. Оның 510-ын кедендік органдар қарастырған. 625 іс сотқа жіберілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны