04.09.2012, 11:57 3589

Шығыс Қазақстан облысында жаңа автозауыт салынуда

Қазақстандағы Индустрияландыру картасы шеңберінде Өскемен қаласында толық циклды автозауыт салынуда, деп хабарлады pm.kz сайтына ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында жаңа автозауыт салынуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстандағы Индустрияландыру картасы шеңберінде Өскемен қаласында толық циклды автозауыт салынуда, деп хабарлады pm.kz сайтына ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Өскемен қаласында толық циклды автозауыт және автобөлшектер өндіретін технопарк құрылысының жобасы жүзеге асырылуда", - делінген ведомство хабарламасында.

"АвтоВАЗ" АҚ, "АзияАвто" АҚ және "Ертіс" ИКК ҰК" АҚ арасында толық циклды автокөлік өндіру жөніндегі стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылғанын атап өткеніміз жөн. Зауыттың жобалық қуаты жылына 120 мың автокөлікті құрайды.

Бүгінде жобаның бірінші кезеңі іске асырылуда, екінші және үшінші кезеңдер бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Зауыт 2015 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

2011 жылдан бері ҮИНДМБ шеңберінде жеңіл, жүк көліге және автобус құрастыратын екі жоба жүзеге асырылуда.

"Агромашхолдинг" АҚ кәсіпорнында "SsangYong" автокөлігі құрастырылады. Үстіміздегі жылдың 7 айы ішінде кәсіпорын 2,68 млрд теңгенің 691 автокөлігін құрастырып шығарды.

Сондай-ақ, Алматы облысында да жүк көлігі мен Hyundai автобустарын құрастыратын жоба жүзеге асырылуда. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша зауыт 390,7 млн теңгенің 160 автокөлігін өндірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны