15.01.2008, 15:30 1904

Шығыс Қазақстан облысында жолдарды ұстауды қаржыландыру 3,8 есе ұлғайтылды - облыс әкімшілігі

Шығыс Қазақстан облысында жолдарды ұстауды қаржыландыру 3,8 есе ұлғайтылды - облыс әкімшілігі

Семей. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында биыл жолды өз деңгейінде сақтауды қаржыландыру 3,8 есе ұлғайтылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "2008 жылы облыс әкімі Жәнібек Кәрібжановтың тапсырмасымен қала және аудан бюджеттерінде облыстың жергілікті автомобиль жолдарын орташа, ағымдық жөндеу жұмыстарына қарастырылған қаражат былтырғымен салыстырғанда 3,8 есе ұлғайтылды".

"Жолды ұстап тұруға бөлінген қаражат 2 есе, орташа және ағымдық жөндеу жұмыстарына 5,6 есе өсірілді", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі. "Курчатов қаласының, Жарма және Зайсан аудандарының әкімшіліктері мұндай қаражатты 10 есе көбейтті", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Облыс әкімшілігінде 2007 жылы жергілікті деңгейдегі жолдарды жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлінгенін еске салды. Ол 2006 жылғыдан 3 есе, жоспарланғаннан 1,5 есе көп.

Осының арқасында 8,5 мың шақырым жолдан 883 шақырымын жөндеудің сәті түскен. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, "алғаш рет бағыттық жол жөндеу әдісі пайдаланылған. Аудан орталықтары мен демалыс базаларына дейінгі жолды жөндеу жоспармен іске асырылуда".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны