04.08.2006, 16:28 3030

Шикізат өндіруші компаниялардың ашықтығы туралы бастаманы жүзеге асыру аясындағы есеп беру кестесінің ақырғы үлгісі Ұлттық кеңестің мүшелеріне жуырда таныстырылады

Шикізат өндіруші компаниялардың ашықтығы туралы бастаманы жүзеге асыру аясындағы есеп беру кестесінің ақырғы үлгісі Ұлттық кеңестің мүшелеріне жуырда таныстырылады

АЛМАТЫ. 4-тамыз. Kazakhstan Today. Шикізат өндіруші компаниялардың іс-қызметінің ашықтығы туралы бастаманы жүзеге асыру аясындағы есеп беру кестесінің ақырғы үлгісі Ұлттық кеңестің мүшелеріне жуырда таныстырылады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Мұнайдан түскен кіріс қоғамның бақылауында" атты бейресми ұйымдар коалициясының Бастаманы Қазақстанда орындаудан мүдделі тұлғалардың Ұлттық кеңесіндегі өкілі Мәлік Исабеков құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

М.Исабековтың айтуынша, 10-тамызда Астанада есеп беру жолдарын бекіту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтеді. "11-12-тамызда құжаттарды қол қоюға ұсынбақшымыз",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, шикізат өндіруші компаниялардың іс-қызметінің ашықтығы туралы бастамаға қазіргі жағдаймен елімізде 38 компания бірікті.

Атап айтсақ, бастамаға ""ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ , "Nelson Resources", "ExxonMobil", "Nations Energy", "Қазақойл Ақтөбе", "Қарақұдықмұнай", "JV Arman", "Maersk oil", "ChevronTexaco", "Phillips Petroleum", "Inpex North Caspian", "B.N. Munai LLP", "Total", "Shell", "BG Karachaganak", KKM, "PetroKazakhstan Kumkol Resources", "Statoil", "CNPC - Aktobemunaigas", "Agip KCO", "Lukoil Overseas Service Ltd", "CNOOC Caspian", "Қазақтүрікмұнай", "Қазақмыс", "Қазақстан никелі" сынды ірі компаниялар біріккен.

Бүгінде бұл бастамаға еліміз аумағында жұмыс істейтін 212 компания әлі біріккен жоқ. Олардың арасында "Қазмырыш"АҚ, "ТМК"АҚ, "ӨМЗ" ААҚ, "Оман Ойл Компани", "Чаралтын" АҚ, "Миттал Стил Теміртау" ЖАҚ, "ССГПО" ААҚ, "Маңғыстаумұнайгаз" ААҚ, "Богатырь Аксес Көмір" ЖШС, " Қазақстан Алюминийі" ААҚ, "КТК-К" ЖАҚ т.б бар.

Ашықтық туралы бастамаға бірігу еркін. Демек, меморандумға қол қойып, қаржылық есеп беру, немесе, бермеуді компаниялардың өздері шешеді. Қазақстанның заңнамасы компанияларды меморандумға қол қоюға мәжбүрлеуге жол бермейді. Өйткені, еліміз компаниялармен жасасқан келісім-шарттарының тұрақтылығы принципіне бағынады, дейді энергетика және минералды ресурстар министрлігіндегілер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны