05.10.2016, 19:44 5051

Шымкент қаласына Германиядан делегация келді

Екі жақты кездесу барысында қала әкімініӊ орынбасары Шымкент қаласыныӊ айтарлықтай экономикалық әлеуеті бар екенін атап өтіп, қонақтарға болашақтағы инвестициялық мүмкіндіктерді таныстырды

Шымкент. 5 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін қала әкімдігінде қала әкімініӊ орынбасары Бейсенбек Жанбосынов Германияныӊ Экономика министрлігініӊ өкілі бастаған неміс бизнес делегациясымен кездесті, деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Екі жақты кездесу барысында қала әкімініӊ орынбасары Шымкент қаласыныӊ айтарлықтай экономикалық әлеуеті бар екенін атап өтіп, қонақтарға болашақтағы инвестициялық мүмкіндіктерді таныстырды. Шетелдік инвесторлар Шымкенттіӊ қонақжай қала екендігін айтып, өз алғысын білдірді. Ирі, Қазақстан өз кезегінде Орталық Азиядағы негізгі экономикалық серіктесі болып табылатынын атап өтті.

Алқалы жиында неміс кәсіпкерлері өз компанияларыныӊ қызметі туралы айтып берді. Айта кетерлігі, неміс кәсіпорындары шойын су құбырларын, жер асты суларыныӊ жай-күйін қадағалайтын және сарқынды суды тазарту жабдығына арналған сүзгілер, ұӊғымаларды салу және ағынды суларды ағызу жұмыстарымен айналысады.

Кездесу соӊында тараптар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді. Осы реткі жұмыс сапары аясында шетелдік кәсіпкерлер Шымкент су компаниясыныӊ жұмысымен танысады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті - Елбасы Н.Назарбаев "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында Жаӊа инвестициялық саясаттыӊ негіздері туралы былай деді:

Таяудағы онжылдықта Қазақстанныӊ алдында тұрған міндеттер:

- экономиканыӊ жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деӊгейінде қамтамасыз ету;

- өӊделген тауарлардыӊ экспортын 2015 жылмен салыстырғанда кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30 миллиард долларға дейін жеткізу;

- экономикаға жыл сайынғы инвестициялардыӊ көлемін 10 миллиард доллардан астамға ұлғайтып, тұтастай алғанда 10 жыл ішінде - кем дегенде 100 миллиард долларға жеткізу;

- 660 мыӊнан астам жаӊа жұмыс орындарын құру, еӊбек өнімділігін 2 еседен астамға арттыру.

Экономикалық өсімніӊ мұндай қарқыны тек экспорттық табыстар ағынын мүмкін ететін жаӊа драйверлер қалыптастыру есебінен ғана қамтамасыз етіле алады.

Жаӊа жаһандық нақты ахуалдыӊ мәні тек әртараптандырылған экономиканыӊ ғана жаһандық дағдарыс салдарына тиімді қарсы тұра алатынында болып табылады. Сондықтан да біз индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үстіндеміз. Бізге жаӊа инвестициялық саясат керек.

Біріншіден, трансұлттық корпорацияларға екпін түсіре отырып, жеке инвестициялар тарту маӊызды. Біз "күрделі инвестициялар" тарту үшін оӊтайлы орта қалыптастыруымыз керек. Осы жылы "Астана" Халықаралық қаржы орталығын құру туралы шешім қабылданды. Ол исламдық қаржыландыру, приват-банкинг және қайта сақтандыру салаларында өӊірлік хаб болады. Қазақстан күшті институттары, білікті, тиімді және болжамды үкіметі бар өӊірдегі көшбасшы-елге айналуы тиіс. Бізде озық техникалық кадрлар, әлемдік деӊгейдегі инфрақұрылымдар болуы тиіс, қоғамдық тәртіп пен адамдардыӊ жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.

Инвестициялық ахуалды жетілдіруге бағытталған реформаларды әрі қарай жалғастыру ЭЫДҰ және басқа да халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүргізілуі тиіс. Үкіметке үш ай мерзім ішінде инвестициялық ахуалды жақсартудыӊ егжей-тегжейлі жоспарын жасап ұсынуды тапсырамын. Бұдан бөлек, инвесторлармен жұмысты белсенді ете түсу үшін инвесторлар тарту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға бағдарланған Үкімет кеӊесін құруды тапсырамын. Өӊірлерде жергілікті маӊыздағы жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тартуға қажетті осындай кеӊестер құру керек.

Екіншіден, экономикалық өсімніӊ өӊірлік драйверлерін қалыптастыру маӊызды. Барлық инвестициялық жобалар тікелей өӊірлерде жүзеге асырылады. Сондықтан, 6 макроөӊірлер - Оӊтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, Алматы, және Астана үшін жеке бағдарламалар жасау қажет. Ірі өӊірлік жобалар айналасында шағын және орта бизнесті дамыту керек. Сондықтан, кәсіпкерлікті қолдаудыӊ "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бағдарламасы макроөӊірлердіӊ инвестициялық бағдарламаларыныӊ бір бөлігі болуы тиіс. Еӊбек ресурстарыныӊ жұмылғыштығын жоғарылату бойынша, бірінші кезекте, еӊбек күші артық өӊірлердіӊ еӊбек күші жетіспейтін өӊірлерге миграцияларды ынталандыруға бағытталған шараларды алдын ала қарастыру қажет.

Макроөӊірлер "Нұрлы Жол" бағдарламасы шеӊберінде құрылатын біртұтас көліктік, логистикалық және коммуникациялық құрылым аясында бірігулері тиіс. Қазіргі кезде "Орталық - Оӊтүстік", "Орталық - Шығыс", "Орталық -Батыс" шешуші бағыттары бойынша 11 жоба жүзеге асырылуда. "Боржақты - Ерсай", "Алматы - Шу" теміржол желілері мен Құрық портындағы паромдық өткел құрылыстары жүргізілуде. Бұл жобалар қазірдіӊ өзінде 72 мыӊ адамды жұмыспен қамтып отыр. Үкіметке аталған бағдарламаларды жүзеге асыру ісін белсенді ете түсуді тапсырамын.

Сонымен қатар, экономикалық конъюнктураны есепке ала отырып, қаржыландыру көздерін әртараптандыру қажет. Меніӊ ҚХР-ға сапарым барысында ЭксимБанкпен 2,6 миллиард доллар сомасында займ тарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазір мемлекеттік бюджет есебінен көптеген жолдар салынып жатыр. Бірақ, бұл жобаларға шетелдік және жергілікті инвесторларды да тарту керек. Жақын болашақта "Нұрлы Жол" бағдарламасы жобаларына жеке капиталды тарта отырып, қаржыландыру моделіне келтіру керек.

Үшіншіден, қазір әлемдік және өӊірлік рыноктарда экспорттық тауашаларды белсендірек игерген жөн. Біз жақын жатқан елдердіӊ экономикалық әлеуеттерін тиімді пайдалануға тиіспіз. Бірінші кезекте, бұлар -Қытай, Ресей, Иран, Моӊғолия, Үндістан, Пәкістан, Орталық Азия және Кавказ елдері. Аталған елдер жыл сайын 3,5 триллионнан астам доллардыӊ тауарлары мен қызметтерін импорттайды. Еуразиялық экономикалық одаққа шешуші өӊірлік рыноктармен еркін сауда туралы келісім жасасу қажет. Үкімет аталған мәселелерді біздіӊ әріптестерімізбен бірлесіп жасап, бәріміз үшін пайдалы етіп шешуі тиіс. СІМ-ге осы міндеттерді орындау үшін Қазақстанныӊ шетелдердегі мекемелерініӊ барлық ресурстарын іске қосу қажет.

Төртіншіден, бізге техникалық кадрлар дайындау жүйесін барынша дамыту қажет. Техникалық және кәсіби білім беру инвестициялық саясаттыӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі болуы тиіс. Бұл үшін Германиямен, Канадамен, Австралиямен және Сингапурмен кадрлар дайындау орталығын бірлесіп құру керек. Олар бүкіл еліміз үшін техникалық және кәсіби білім беру жүйесініӊ моделі болады.

Бесіншіден, Қазақстан экономикасыныӊ инновациялық әлеуетін арттырған жөн. Болашақтыӊ экономикасын құру үшін негіз қалау маӊызды. Смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелер интеграциялары, болашақтыӊ энергетикасы, жобалау және инжиниринг салаларында біліктілікті дамыту қажет. Мұны тек тиімді ғылыми-инновациялық жүйе құру арқылы ғана жасауға болады. Назарбаев Университеттіӊ "Астана бизнес кампусы" хайтек-паркініӊ базасы мен Алматыдағы "Алатау" технопаркінде қалыптастырылатын қуатты зерттеу университеттері мен инновациялық кластерлері оныӊ негізіне айналады. Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу бізге "жасыл технологияларға" негізделген жаӊа энергетиканы белсенді дамытуға жақсы мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны