27.09.2016, 18:31 4241

Шымкентте Израиль мен Оӊтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерініӊ бизнес-форумы өтті

Форумда ОҚО әкімдігі мен Израиль мемлекеті арасында өзара түсіністік және әріптестік меморандумына қол қойылды.

Шымкент. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Шымкенттегі "Риксос" қонақ үйінде Оӊтүстік Қазақстан облысы мен Израиль кәсіпкерлерініӊ бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған форумда медицина, ауыл шаруашылығы және қауіпсіздікті сақтау салалары бойынша келіссөздер жүргізілді. Бас қосуда Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары Сапарбек Тұяқбаев бүгінгі форумнан үлкен үміт күтетінін жасырмады.

"Израильде медицина, ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Бұл салаларда әлемдегі көшбасшылардыӊ бірі болып табылады. Біз осы форум арқылы Израильдіӊ беделді кәсіпорындарын өӊірімізге инвестиция салуға шақырамыз. Шымкент қаласында, сондай-ақ бірнеше аудан, қалаларымызда индустриалды аймақтар бар. Шетелдік инвесторлармен бірлесіп жұмыс істеуге, әріптестік орнатуға дайынбыз. Алдағы уақытта фермерлер дайындайтын орталық ашу жоспарда бар", - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Израильдіӊ Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Михаэль Бродский екі елдіӊ медицина саласы бойынша байланысы жоғары деӊгейде екенін мәлімдеді.

"Бүгін Израиль мен Оӊтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерініӊ форумы бірінші рет өтіп отыр. Бұл облыс біздіӊ кәсіпкерлерді қызықтырады. Илеуеті жоғары. Шағын кәсіпкерлік дамыған. Сондықтан тамшылатып суару, жылыжай құрылысы, энергия үнемдеуші технологияларды енгізу, медицина саласын дамыту мәселелері бойынша тиімді байланыс орнатамыз деген сенімдемін. "Ақылды қала" жобасын жүзеге асыру, қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша да ұсынатын жобаларымыз бар", - деді ол.

Форумда ОҚО әкімдігі мен Израиль мемлекеті арасында өзара түсіністік және әріптестік меморандумына қол қойылды. Форум аясында қос елдіӊ кәсіпкерлері В2В форматында кездесулер өткізіп, өӊірдегі кәсіпорындар мен медициналық мекемелерді аралады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны