12.04.2012, 13:11 4177

Шымкентте қоқыс өңдеу зауыты салынады

Өндірістік нысанның жоспарланған құны - 1 млрд 700 млн теңге. Зауыт қала шетінен 20 шақырым қашықтықта орналасатын болады. Изірге жер қазу жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен, құрылысшылар атап өткендей, жабдықтар жеткізілген, қоймада тұр.

Шымкент. 12-сәуір. Kazakhstan Today - Шымкентте қоқыс өңдеу зауыты салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, кәсіпорын жылына 200 мың тонна қоқыс өңдеуге есептелген.

Өндірістік нысанның жоспарланған құны - 1 млрд 700 млн теңге. Зауыт қала шетінен 20 шақырым қашықтықта орналасатын болады. Изірге жер қазу жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен, құрылысшылар атап өткендей, жабдықтар жеткізілген, қоймада тұр.

"Металл құрылымдары қазірдің өзінде жиналды. Жер қазу жұмыстарын аяқтай салысымен монтаждауды бастаймыз. Зауытты биылғы жылдың қыркүйегінде іске қосуды жоспарлап отырмыз", - деп түсіндірді телім прорабы Михаил Кандауров.

Дегенмен, мердігерлер өз жоспарларының уақытында іске асатынына күмән келтіруде. Өткен күзге жоспарланған, қалалық әкімдік өз мойнына алған коммуникациялық желілерді тарту жұмыстарының бір бөлігі әлі жасалмапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны