07.02.2013, 13:56 7005

ШҚО-да ҮИИДБ аясында салынған цемент зауыты іске қосылды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл жоба мемлекеттік үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған әрі аудан үшін жүйе құрушы кәсіпорын болып табылады.

Өскемен. 7-ақпан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында "құрғақ тәсілмен"цемент шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл жоба мемлекеттік үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған әрі аудан үшін жүйе құрушы кәсіпорын болып табылады.

Жарма ауданындағы жаңа зауытқа Қытайдан озық құрылғылар әкелінген.Бір жыл ішінде мұнда 1 млн тонна шамасында "құрғақ" цемент өндіріледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар өндіріс орнының жұмыс істей бастауы аудан бюджетін толықтырып, Шар қаласының жүздеген тұрғындарын жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын бір жылдың ішінде жүйе құрушы кәсіпорынға айналады. Зауыттың өнімі еліміздің әр аймағымен қатар Ресейге де жеткізілмек. Бұған қоса болашақта жаңа желілер де іске қосылады.

2013 жылы мұнда 1 млн тонна цемент өндіріліп, одан әрі зауыт біртіндеп жобалық қуаттылығына шығады. Барлық жұмыс толығымен автоматтандырылған және экологиялық мәселеге де назар аударылыпты. Өндірістік кезеңді бір мезетте 8 оператор басқарады. Қазір мұнда мың жарымдай адам жұмыс істейді. 142 млн доллар шамасында қаржы жұмсалған зауыттың құрал-жабдықтар әлемнің 12 елінен жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны