04.12.2013, 18:44 2836

ШҚО-ның аймақаралық форумында 20-дан астам инвестициялық жоба ұсынылды

"Облыс үшін тиімділігі зор баламалы энергетикаға қатысты жобаларды қарастыруға әзірміз. Исіресе Күршім мен Зайсан аудандарындағы геологиялық барлауға байланысты жобаларға аса көңіл бөлуге болады. Зайсан ауданында көгілдір отын көзі табылды, бірақ бұл жеткіліксіз, жұмысты одан әрі жандандыру қажет", - деп атап өтті өңір басшысы Б.Сапарбаев.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. "Парасат" холдингі V аймақаралық форумда Шығыс Қазақстан облысы үшін 20-дан астам жоба әзірледі, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады

"Геологиялық барлау, сумен қамсыздандыру мәселелеріне қатысты жаңа жобалардың жүзеге асу жұмыстарының мән-жайы талқыланған "Инвестициялар. Инновациялар. Бизнес" өңірлік форумында "Парасат" холдингінің өзі 20-дан астам жоба әзірлеген екен", - делінген хабарламада.

"Облыс үшін тиімділігі зор баламалы энергетикаға қатысты жобаларды қарастыруға әзірміз. Исіресе Күршім мен Зайсан аудандарындағы геологиялық барлауға байланысты жобаларға аса көңіл бөлуге болады. Зайсан ауданында көгілдір отын көзі табылды, бірақ бұл жеткіліксіз, жұмысты одан әрі жандандыру қажет", - деп атап өтті өңір басшысы Б.Сапарбаев.

Форум аясында идустриялық-инновациялық бағыттағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы проблемалық мәселелер мен болашағы, ғылым мен бизнестің өзара қарым-қатынасы, даму институттары арқылы инвестиция көздерін тарту мәселелері де талқыға салынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны