13.07.2020, 16:35 4983

Шымкент қаласында электр энергиясын беру жөніндегі қызметтеріне тарифтері төмендетілді

Шымкент қаласында электр энергиясын беру жөніндегі қызметтеріне тарифтері төмендетілді

Алматы. 13 шілде. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында электр энергиясын беру жөніндегі қызметтеріне тарифтері төмендетілді.

"Энергострой Indastry" және "Энтальпия" ЖШС-ның тарифтік сметалардың орындалуына жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша 2019 жылдың қорытындысы бойынша, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті субъектілердің "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасының талаптарын, атап айтқанда бекітілген тарифтік сметаларының орындалуын сақталмағандығын анықтады.

Қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, 2019 жылы жоғарыда көрсетілген субъектілердің негізсіз табыс сомасы 14 344 193 теңгені құрады, оның ішінде:

- "Энергострой Indastry" ЖШС-ы бойынша-14 267 850 теңге;

- "Энтальпия" ЖШС - 76 343 теңгені құрады.

Осылайша, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бұйрықтарымен келесі уақытша өтемдік тарифтер енгізілді:

- "Энергострой Indastry" ЖШС-ы үшін электр энергиясын беру қызметіне бір жыл мерзімге 0,68 теңге/кВт-сағ мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 1,02 теңге/кВт-сағ 33,3% - ға төмендетумен;

- "Энтальпия" ЖШС-ы үшін электр энергиясын беру бойынша қызметіне бір жыл мерзімге 2,33 теңге/кВт-сағ мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 2,349 теңге/кВт-сағ 0,80% - ға төмендетумен.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны