21.05.2020, 21:46 6615

Шымкент қаласында "НУР" ЖШС-ның кірме жолды беру қызметіне тариф төмендетілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті "Нұр" ЖШС-ның 2019 жылға арналған тарифтік сметасының орындалуына талдау жүргізді.

Алматы. 21 мамыр. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында "НУР" ЖШС-ның кірме жолды беру қызметіне тариф төмендетілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті "Нұр" ЖШС-ның 2019 жылға арналған тарифтік сметасының орындалуына талдау жүргізді.

Талдау қорытындысы бойынша қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, 338 690 теңге көлемінде негізделмеген пайда мөлшері анықталды.

Осыған орай, Департаменттің 2020 жылғы 20 мамырдағы бұйрығына сәйкес, "Нұр" ЖШС-і үшін бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне уақытша өтемдік тариф бір жылға 1392,56 теңге/вагон-км мөлшерінде бекітілді, яғни 13,7%-ға тариф төмендетілді (1613,91 теңге/вагон-км без НДС), бұл тариф 2020 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді.

Қызмет көрсету аймағы: Шымкент қаласы Қызылсай станциясы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны