14.04.2017, 23:36 6019

СҚО әкiмi егiн алқаптарына айтпай барып, технологиялардыӊ сақталуын тексеретiн болады

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барды. Өӊiр басшысы Благовещенка ауылындағы "Атамекен-Агро" ЖШС-на соқты. Серiктестiк директоры Виктор Сухов кәсiпорынныӊ жұмысы туралы толығырақ айтып бердi.

Петропавловск. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барды. Өӊiр басшысы Благовещенка ауылындағы "Атамекен-Агро" ЖШС-на соқты. Серiктестiк директоры Виктор Сухов кәсiпорынныӊ жұмысы туралы толығырақ айтып бердi.

"Бүгiнгi күнi 66 мыӊ гектар егiстiк алқабымыз бар. Биыл 58 мыӊ гектарға жаздық дақылдар себудi жоспарлап отырмыз. Бiзде 282 адам тұрақты еӊбек етедi. Қосымша жаӊа техникалар алғандықтан, ол бiзде жыл сайын болып тұрады, көктемгi және күзгi орақ науқандары кезiнде жұмысшылар саны 360 адамға дейiн көбейедi. Шаруашылық техникамен толық қамтамасыз етiлген. 20 себу кешенi, 34 комбайн, 34 жүк машинасы бар",- дедi Виктор Сухов.

Жамбылдықтардыӊ соӊғы жылдардағы жетiстiктерi жайында аудан әкiмi Иван Турков баяндады. Оныӊ айтуынша, барлық көрсеткiштер бойынша жақсы өсiм байқалады. Мемлекеттiӊ қарқынды көмегi арқасында мал шаруашылығы саласы жақсы дамуда.

"Аудандағы қара мал саны-28 мыӊ, жылқы-6,4 мыӊ, шошқа-7 мыӊ, құс-232 мыӊ. Соӊғы 2 жылда ауданға 1,5 мыӊ асыл тұқымды мал әкелдiк",-дедi Иван Турков.

Кездесу кезiнде Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен маӊызды мәселелердi сөз еттi. Өӊiр басшысы астық өсiрудiӊ дұрыс технологиясын таӊдау мәселесiне көӊiл аударып, кез келген ауа райы жағдайында Солтүстiк Қазақстан мол астық алуы керектiгiн қадай айтты.

" Соӊғы жылдары өндiрiлген астықтыӊ 50 пайызы 4-5 сыныпты болуы кұрделi мәселеге айналып отыр. Нәтижесiнде сiздер ақша жоғалтасыздар, салық бойынша түсiм ала алмайсыздар, жаӊа жұмыс орындарын ашпайсыздар және т.б.

Бiз осы мәселенi бәрiнен бұрын технологиялар есебiнен шешуге тиiспiз. Агрономия заӊы мiндеттi түрде пар қолдану қажеттiгiн айтады. Пармен жұмыс iстеу керек, жермен қалай тиiмдi жұмыс iстегендерiӊiздi сiздерден сұрайтын боламыз",-дедi Құмар Ақсақалов.

Сол сияқты облыс әкiмi технология есеп беру бойынша емес, жылына 4-5 рет алқапқа бару арқылы тексерiлетiндiгiн аграршыларға ескерттi. Бұл жағдайда баратын бағыт айтылмайды.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер жаӊаша жұмыс iстеуге әзiр екендiгiн Құмар Ақсақаловпен әӊгiмелесi кезiнде "Илисарай" ЖК-нiӊ басшысы Арман Қасымғожин айтты. Кәсiпкер мал шаруашылығымен айналысады және мемлекет жан-жақты көмек көрсеткеннен кейiн бұл бизнес пайдалы деп есептейдi.

Кездесу соӊында өӊiр басшысы аудан әкiмiне индустриялық-инновациялық жобалар әзiрлеумен айналысуды тапсырды.

Содан кейiн облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Жамбыл ауданындағы майлы дақылдар өӊдеумен айналысатын "Династия-Агро" ЖШС-на барды. Кәсiпорынныӊ бас директоры Владимир Кан өӊiр басшысына зығыр майыныӊ пайдалы касиеттерiн иеленген және танымал бола бастаған өндiрiс желiсiн көрсеттi.

"Жылына 3 мыӊ тонна өнiм шығаруға мүмкiндiгiмiз бар, екiншi желi iске қосылғанда, оны 6-7 мыӊ тоннаға дейiн өсiремiз. Сұраным, әсiресе қытай жағынан көп. Бiзге келген бiрiншi компания 5 мыӊ тонна майға контрактi жасауға әзiр екендiгiн айтты. Тағы төрт компаниямен келiссөз жүргiзiп жатырмыз, олар дайын. Ирбiреуi бiзден 1-ден 2 тоннаға дейiн май сатып алмақшы",-дейдi Владимир Кан.

Кездесу кезiнде директор кәсiпорында орын алып отырған мәселе жайын сөз еттi, оныӊ бiреуi-айналым қаражатыныӊ жетiспейтiндiгi. Бизнес-жоспар әзiр, ол аудан басшыларымен және банктермен талқылануда. Таяу уақытта серiктестiк тұтынушылардыӊ сұранымын қанағаттандыру үшiн өндiрiстi кеӊейтуге кредит қаражатын алуға тиiс. Облыс әкiмi жас әрi болашағы бар өндiрiс орнына қолдау көрсеттетiндiгiн жеткiздi.

"Бiздiӊ олыстыӊ қажеттiлiгi 5 мыӊ 800 тоннаны құрайды. Бұл қажеттiлiктi өзiмiз жаба алатынымыз түсiнiктi. Республика бойынша май қажеттiлiгiнiiӊ 50 пайызын отандық өндiрушiлер жабады. Яғни өткiзу нарығы үлкен. Оныӊ үстiне бүл экспортқа бағдарланған өнiм. Шетелде зығыр майы өте жақсы бағаланады",-дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.

Сапар соӊында өӊiр басшысы жұртшылық өкiлдерiмен кездесiп, облыстыӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуын талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны