17.02.2014, 20:14 3168

СҚО-да ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен облыстық әкімдік бағаны көтермеу туралы келісімге келді

Облыстың ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, ішкі нарықты жергілікті қолжетімді бағамен қамтамасыз ету туралы әріптестік меморандумына ет және сүт өңдеу кәсіпкерліктері көкеніс, жұмыртқа мен құс еті кәсіпкерліктері қол қойды.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan today. Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен облыстық әкімдік өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Келісімнің басты мақсаты солтүстік қазақстандықтарды жергілікті тауар өндірушілердің тауарымен арзан бағамен қамтамасыз ету.

Облыстың ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, ішкі нарықты жергілікті қолжетімді бағамен қамтамасыз ету туралы әріптестік меморандумына ет және сүт өңдеу кәсіпкерліктері көкеніс, жұмыртқа мен құс еті кәсіпкерліктері қол қойды.

Құжат талабына сай, облыстық әкімдік енді тауарлар мен сатушылардың проблемалы мәселелерін шешуде мониторинг жасайтын болады. Өз кезегінде нарыққа алып-сатарлықсыз тауар жеткізу мен негізсіз баға көтеру жағдайларына жол бермеу, сонымен қатар тауармен қамтамасыз ету жағдайының ырыққа көнбеуі туралы әкімдікке мәлімет берілетін болады.

Қол қойылған меморандум аясында атқарылған жұмыстар қорытындысы апта сайын бағаны ұстап тұру бойынша облыстық штабтың отырысында қаралатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны