19.03.2020, 19:37 6423

Солтүстік Қазақстан облысының "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" қызметкері парақорлық үшін сотталды

Сотталушы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысының "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" қызметкері парақорлық үшін сотталды.

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ әскери жұмылдыру жұмысының бас маманы Е.К. Құлақпаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол "СОП Рысь" ЖШС директоры Т.С. Мұқышевтен қызмет көрсету бойынша міндеттемесінде, атап айтқанда, СҚО Мамлютка қаласындағы "НЗ" қоймасын күзетуде өрескел бұзушылық фактісінің анықталуы бойынша шара қолданбағаны үшін 100 мың теңге көлемінде ақша түрінде пара алуда күдікке ілінді.

А.ж. 17 наурызда Петропавл қалалық сотының үкімімен Құлақпаев 3 млн. теңге көлемінде айыппұлға сотталды.

Құлақпаевтың 2020 жылдың 8 ақпаны мен 16 наурызы аралығында қамауда болуын ескере отырып, айыппұл түрінде тағайындалған жаза 2 млн. 607 мың 652 теңгеге дейін азайтылды.

Сотталушы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны