10.10.2011, 15:26 4166

Солтүстік аймақтардан астық өсірмейтін өңірлерге 260 мың тоннадан астам астық тасымалданды

Астықты өңірлердің элеваторлық сыйымдылығын босату үшін Азық-түлік корпорациясымен 500 мың тонна бидайды басқа өңірлерге тасымалдау туралы шешім қабылданған.

Астана. 10-қазан. Kazakhstan Today - Солтүстік аймақтардан астық өсірмейтін өңірлерге 260 мың тоннадан астам астық тасымалданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде "Астық саласы: жағдайы мен перспективалары" деген тақырыпта өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім еткен.

Мәліметтерге қарағанда, астықты өңірлердің элеваторлық сыйымдылығын босату үшін Азық-түлік корпорациясымен 500 мың тонна бидайды басқа өңірлерге тасымалдау туралы шешім қабылданған. Оның ішінде Ақмола облысынан - 151, 4 мың тонна, Қостанай облысынан - 165,5 мың тонна, Солтүстік Қазақстан облысынан - 183,2 мың тонна тасымалдау жоспарланған. "Осы мақсаттар үшін Үкімет резервінен 1,7 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі таңда 268 мың тонна бидай тасымалданды. Бұл барлық жоспарланған бидайдың 54 пайызы болып табылады", - деді А. Мамытбеков.

Оның хабарлауынша, астықтың негізгі көлемін тасымалдауды қазан айының соңына дейін аяқтау көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны