15.05.2008, 17:50 2970

Солтүстік Қазақстан облысында электр қуатының тарифі көтерілді, сондай-ақ, сумен, жылумен қамтамасыз ету қызметінің құны артады деп күтіліп отыр

Солтүстік Қазақстан облысында электр қуатының тарифі көтерілді, сондай-ақ, сумен, жылумен қамтамасыз ету қызметінің құны артады деп күтіліп отыр

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті коммуналдық қызметтер тарифінің көтерілгені жайлы мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі жергілікті телерадиоарнаға (МТРК) сілтеме жасай отырып.

Қалалықтар үшін электр қуатының бағасы мамырдың бірінен бастап өсті. Қыркүйекте сумен жабдықтау және канализация қызметінің бағасы өзгереді. Ал қазанда жылумен жабдықтау қызметі артады.

Тарифті көтеруге жарияланған мораторий мерзімі аяқталды. МТРК хабарлауынша, монополистер өз қызметтерінің бағасын көтеру өтініштерін жолдаған.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті кәсіпорындар объективті себептер келтіріп, тарифтердің сәл-пәл өсуін қалайды деп хабарлады. Мұндай алғашқы қадамды энергия жеткізушілер жасады. Желтоқсан айында қаралған өтініш қанағаттандырылды. Тариф 5 пайызға көтеріледі. 1 кВт/сағат 5 теңге 37 тиынға тең болмақ.

Өз кезегінде сумен жабдықтаушылар химиялық реагенттер мен қуат көздерінің қымбаттауына, жұмысшыларға айлық жалақыны көтеру қажеттігіне сілтеме жасауда. Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне кәсіпорын 3 рет арыз жазған. Үшеуінде де оны қанағаттандырмаған. Алайда, тарифтің өсуінен қашып құтыла алмайсың. "Петропавл су" қызметінің құны қыркүйек айында өзгертіледі.

Қазір есептегіш құралдарынсыз суық су мен канализацияны пайдалану құны айына бір адамға 295 теңгені құрайды. Ал есептегіш құрал болса, онда 1 текше метріне 38 теңге 54 тиыннан келеді.

Жылумен қамтамасыз етудің жаңа тарифі ағымдағы жылдың ақпан айында енгізілді. Алайда, мораторийге байланысты ол қазан айына, келесі жылу маусымына шегерілген. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің директоры Олег Пономарев газ құнының өзгерісі күтіліп отырған жоқ деп сендірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны