09.10.2008, 12:16 1870

Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны аяқталды

Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны аяқталды

Петропавловск. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны аяқталды. Жиналған жалпы астық түсімінің көлемі 5 млн 13 мың тонна болды. Бұл туралы облыс әкімі Серік Біләлов облыстық селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Биыл бір гектардан орташа шығымдылық 13,5 центнерді құрады", - деді ол.

Облыс басшысы солтүстік қазақстандық дихандарды орақ науқанын табысты аяқтағанымен құттықтады.

Өңір басшысының мәліметінше, бидайдың ең жоғары шығымдылығы биыл Мағжан Жұмабаев (16,8 ц/га) және Қызылжар (15,4 ц/га) аудандарында, ал ең төмен шығымдылық Уәлиханов (6,2 ц/га) және Ақжар (6,6 ц/га) аудандарында тіркелді.

Жиналған астықтың 82% жоғары сапалы бидайға жатады. Республикалық бидай сатып алу жұмыстары аяқталды. 2009 жылғы тұқым себу науқанына 4 млн гектар егіс алқабы дайын болуға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны