23.10.2009, 17:19 3192

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа жиналған астық түсімін сатуда тауқыметтер туындады

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа жиналған астық түсімін сатуда тауқыметтер туындады

Петропавловск. 23 қазан. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында жаңа жиналған астық түсімін сатуда тауқыметтер туындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Биыл Солтүстік Қазақстан облыстық дихандар 6 млн тоннадан астам рекордтық түсім жинады. Бірақ енді оны сатуға қатысты проблемалар туындап отыр.

"Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігіндегілер астық сатып алу жөніндегі өтініштерді қабылдау мен шарт жасауға 7 қазанда-ақ кіріскен. Солтүстік Қазақстан облысына 740 мың тонна астыққа квота берілді. Бірінші кезеңде 220 мың тоннасын сатып аламыз. Біз бір тоннасы үшін 18,5 мың теңге ұсынып отырмыз", - деді "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің директоры Есжан Оразалин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны