15.05.2007, 18:32 3779

Солтүстік Қазақстан облысындағы "Биохим" зауыты ТМД кедендік тауарлар номенклатурасының жетілмегендігінен биоэтанолды экспортқа шығара алмайды

АСТАНА. 15 - мамыр. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылдың қыркүйегінде ашылған "Биохим" зауыты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының кедендік тауарлар номенклатурасының жетілмегендігінен қазіргі уақытта биоэтанолды шетелдерге экспортқа шығара алмай отыр. Бұл туралы бүгін Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында "Қазагро" Ұлттық холдинг" АҚ басқарма төрағасы Илихан Смайылов хабарлады.

"ТМД аясындағы сыртқы экономикалық алыс-берісте тауар номенклатурасы деген болады, оны кеден органдары қандай да бір тауарды идентификациялау үшін, және де салық салу немесе қандайбір баж салығы мен тарифтерді белгілеу үшін пайдаланады. Бұл наменклатурада қазір "этанол" азық-түлік этанолы мен отын этанолы деп екіге бөлінбеген",- деді И. Смайылов.

"Этанолдың бәрі бір топқа жатқызылады және одан акциз алынады. Егер этанолды өндірудің өзіндік құны бір литр биоэтанолға шаққанда 0,21 центті құраса, акцизден кейін өзіндік құны 16 есеге өседі. Ирине, оны мұндай бағамен Еропада да, ел ішінде де сату мүмкін емес",- деп қосты ол. "Сөйтіп бүгін "Биохим" зауыты этанолды азық-түлік және отынға бөлу кодының болмауына байланысты экспорттай алмайтын тауар өндіріп, тауқыметке тап болуда",- деп атап өтті "Қазагро" басшысы.

Оның айтуынша, бұл мәселе тауар наменклатурасына "азық-түлік этанолын отын этанолынан бөлетін" түзетулер енгізу арқылы шешімін табады. "Үкіметаралық комиссия ТМД елдерінің кеден органдарына өздерінің кезекті отырыстарының бірінде тауар наменклатурасына осындай өзгерту енгізу туралы шешім қабылдау жөнінде тапсырма беруі қажет",- деп түсіндірді И. Смайылов.

"Біз биоэтанол өндіретін жаңа зауыт салуды келесі жылдың қаңтарында бастауды жоспарлап отырмыз, біз оны екі жылда салып бітіруге тиіспіз. Осы уақыт аралығында бұл мәселе өз шешімін табады",- деп хабарлады ол. "Бірақ бүгінде бұл пробелма Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс істеп жатқан кәсіпорынға қатысты болып отыр",- деп қосты "Қазагро" төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны