27.05.2008, 14:27 2463

Солтүстік Қазақстанда 2,1 млн гектар жерге егін егілді

Солтүстік Қазақстанда 2,1 млн гектар жерге егін егілді

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстанда 2,1 млн гектар жерге егін егілді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық ауыл шаруашылығы департаментінен хабарлады.

25 мамырдағы департамент мәліметтеріне сүйенсек, облыста астық 2 млн 177 мың гектар жерге егілген. Бұл өңірдегі астық танабының 59 пайызын құрайды.

Қазіргі уақытта астық ең көп егілген жерлер Қызылжар (65%), Есіл (63%), Ақ қайың және Мамлютка (әрқайсысында 62%) аудандары болып отыр.

Сол арада майлы дақылдар 112,1 мың гектар жерге егілген. Бұл 97 пайызды құрайды. Картоп отырғызу (99%) жұмыстары іс жүзінде аяқталды. Бір жылдық шөптер 15,5 мың гектар жерге егілген.

Жалпы алғанда Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық құрылымдарындағы көктемгі егіс жұмыстары жақсы қарқынмен жүруде және болжамдық тапсырмаларға сай, деп хабарлады ауыл шаруашылық департаменті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны